ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне облысымыздан қатысқан ерікті жастармен кездесті, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
21.09.2017 6459

Кездесу барысында Ұласбек Сәдібекұлы көрменің жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосқан ерікті жастарға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстап, арнайы сыйлықтармен марапаттады.

«ЭКСПО күндерінде 6 мыңнан астам түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілді. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясына берік екенін тағы да дәлелдей түсті. Маусымның 10 мен қыркүйектің 9 аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 5 млн. астам адам келген. Оның ішінде 151 мың облыс тұрғындары болса, соның ішіндегі 15 мыңы облыс жастары», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

2015 жылдан бастап облысымыздың барлық аудан, қалаларында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне еріктілерді даярлау мақсатында насихаттау жұмыстары жүргізіліп, көптеген семинар-тренингтер өткізілді. Жалпы шетелден келетін қонақтар мен туристерге еліміз бойынша 3 мыңнан аса ерікті қызмет көрсетсе, соның 150-і ОҚО жастары. Оның ішінде 73 ұл, 77 қыз баласы. 

Нақтылап айтқанда, Шымкент қаласынан 100, Түркістан қаласынан 37, Кентау қаласынан 8, Мақтарал ауданынан 5 жас іріктеліп алынған болатын. Ерікті жастар 30 маусым күні Астана қаласына жолға шығып, 1 шілдеден - 5 тамыз күні аралығында яғни бір ай бойы шетелден келген қонақтарға 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) сапалы қызмет көрсеткен. 150 ерікті жас негізінен қауіпсіздік, мерекелік іс-шаралар, билеттеу, хаттама, қоғаммен байланыс, серіктестер мен демеушілер, ЭКСПО қалашық, медицина, аккредитация секілді бағыттарда жұмыс істеген. Ал, 15 ерікті жас ЭКСПО-2017 павилионында ақылы түрде жұмыс істеуге мүмкіндік алған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады

22.02.2018

Тараздағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

22.02.2018

Ақышев: Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды

22.02.2018

Атырау облыстық театрына «Академиялық» мәртебе салтанатты түрде табысталды

22.02.2018

Мейірбек Сұлтанхан «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» республикалық айтыста жеңімпаз атанды

22.02.2018

Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары

22.02.2018

Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді

22.02.2018

Оңтүстікте тағы үш аудан құру ұсынылды

22.02.2018

Қазақстан – БҰҰ: өзара әріптестіктің серпінді жолы

22.02.2018

Арал – Орталық Азияға ортақ мәселе

22.02.2018

Серпінді даму жолында

22.02.2018

Экология жылы қоршаған ортаны қорғауға көмектесе ме?

22.02.2018

Бард ақынның бастауы

22.02.2018

Алматы қаласының әкімі халық алдында есеп берді

22.02.2018

Даму үшін әділдік ауадай қажет

22.02.2018

Халық өз Баян сұлуын іздейді

22.02.2018

Қарағандылық тәртіп сақшылары аяғы ауыр ананың өмірін сақтап қалды

22.02.2018

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

22.02.2018

Буын биінің білгірі

22.02.2018

Шығыста ауыл балабақшасы айрықша ойыншықпен қамтылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу