Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақ жазуының латын әліпбиіне өтуі туралы шешімге байланысты келіп түскен хаттар мен жеделхаттар туралы хабарлады.

 
Егемен Қазақстан
22.09.2017 3184
2

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің азаматтары мен ұйымдарынан қазақ жазуы латын қарпіне көшіру туралы шешімге қолдау білдірген көптеген хаттар пен жеделхаттар келіп түсті, делінген хабарламада.

Қолдау білдірген жеделхаттар әл-Фа­раби атындағы Қа­зақ ұлттық универ­си­тетінің рек­торы Ғ.Мұтановтан, Қазақ ұлт­тық өнер университетінің рек­то­ры А.Мұсақожаевадан, Қазақ­стан Рес­пуб­­ликасының Ұлт­тық кі­тап­ха­насының директо­ры Ж.Сейдуманов­тан, Құр­ман­ғазы атын­­дағы Қазақ мем­ле­кеттік ака­­де­миялық халық аспаптар оркес­трінің директоры Н.Дәуешовтен келіп түсті.

Л.Н.Гумилев атын­дағы Еура­зия ұлттық универ­ситетінің рек­торы Е.Сыды­қовтың хатын­да: «Латын қар­піне кезең-кезең­мен жүйе­лі өту Қазақстан Рес­пуб­ли­касындағы мемлекет құры­лысы саясатының салиқалы, байыпты бағытына сай деп білеміз. Бұл шараның рухани-әлеуметтік, тарихи-танымдық мән-маңызы ерекше», – деп жазылған.

Мемлекет басшысының атына Қазақстанның ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері де хаттар мен же­делхаттар жолдады.

Атап айтқанда, елі­міз­дің Ұлт­тық ғылым акаде­мия­сының ака­де­мигі К.Байпақов: «Ла­тын қарпіне көшу – бұл бар­лық түркі халықтарының да­муына жол ашатын біртұтас түр­­кітіл­дес ақ­па­раттық кеңіс­тікті қалып­тас­тыруға қосыл­ған елеулі үлес», – деп жазған.

Президенттің бастамасына фи­лология ғылымдарының док­торы, профессор М.Сабыр, Қос­танай мемлекеттік педаго­ги­калық институтының деканы К.Есіркепова, филология ғылымдарының кандида­ты А.Абасілов, философия ғылым­дарының кандидаты Д.Качеев, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж.Сейдоллаұлы, Қ.Ах­метов, Д.Тілендиева, Б.Де­меуов, Ж.Ерманов, мемлекеттік филармонияның солисі Н.Нү­сіп­жанов, «Астана Опера» мем­лекеттік опера және балет театрының жетекші солистері М.Мұ­хамедқызы, М.Басбаева, режис­сер Л.Иманғазина, актер Е.Дайыров, халықаралық конкурс­тардың жеңімпазы Қ.Омаров қолдау білдірді.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, жазушылар С.Досанов пен Ә.Асқаров, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаттары, ақындар Н.Айтұлы мен Ұ.Есдәулетұлы, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері, жазушы С.Елубай жол­даған ұжымдық хатта: «Қазақ әліпбиінің жаңа гра­фикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек деген сөзіңіз бүкіл зиялы қауымның көптен күткен қуанышы еді. Себебі біздің сананы жаңғыртудағы рухани даму, өркендеу жолымыз осы қазақ тілінің жаңа әліп­биінен бастау алғалы тұр», – делінген.

Латын графикасына өту­ге қол­дау білдірген ұйым­дар мен кәсіп­орын­дардың қа­тарында Қазақстан Респуб­ли­касының Ұлттық музейі, Абай атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­­тік академиялық опера және ба­лет театры, Мемле­кеттік акаде­мия­лық би театры, «Салтанат» мем­­ле­­кет­тік би ан­самблі, «Қазақ­кон­­церт» мемлекеттік концерт­­тік ұйымы, Жамбыл атын­да­ғы Қа­зақ мемлекеттік фи­лар­мо­ния­сы, «Қа­зақстан Ка­мера­тасы» клас­сикалық му­зыка ансам­блі, «Қы­зыл­жар-ақпарат» жау­ап­кер­шілігі шек­теулі серіктестігі бар.

«Астана Опера» мем­ле­­кеттік опера және балет театры­ның ұжы­мынан келіп түскен хатта: «Қазақстанның әлемдік қоғам­дас­тыққа енуін жеделдетіп, жаһан­дық өрке­ниетке жақындата түсе­тін үр­дістердің бірі – латын қа­ріптеріне көшу деп білеміз. «Ас­тана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы Сіздің ел өміріндегі осы тарихи ше­шіміңізді қол­дап, оның әрі қарай жүзеге асуына үлестерін қосады», – делінген.

Мемлекет басшысының атына елі­міз­дің спорт ұйым­дарының өкілдерінен де кө­лемді хаттар келіп түсті. Со­лардың қатарында Бокстан олимпиадалық даярлау орта­лығының, Велосипед спор­тынан олимпиадалық даяр­лау орта­лығының, Күрес түрлері бойын­ша олимпиа­далық даярлау орта­лы­ғы­ның, Ұлттық және ат спорты түр­­лері орталығының, Ұлт­тық штаттық коман­далар және спорт резерві дирек­ция­­сының, Астана қаласын­дағы Олимпиа­далық даярлау орталығының, Өскемен қа­ласындағы Олимпиадалық даярлау орталығының ұжымы бар. Сондай-ақ бокстан Қа­зақ­стан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Тшанов, XXXI жазғы Олим­пия ойын­дарының чемпионы Д.Баландин, XXXI жазғы Олим­пия ойындары­ның күміс жүл­дегері Ж.Жаппарқұл өз­дерінің қолдау хаттарын жол­даған.

Ауыр атлетикадан ха­лық­аралық дәрежедегі спорт шебері Айдар Қазов Солтүстік Қазақстан облысы спортшы жастарының атынан жол­даған хатында: «Бүгінде біз жа­һандық өзгерістер алдында тұрмыз. Бұл – Қазақстан үшін шынымен де тарихи сәт. Қазақ тілінің ла­тын­ға өтуі елімізге болашақта зор мүмкіндіктер туғызып, өзіміз­дің түп-тамырымызға оралуға жете­лейтін болады», – деп атап өткен.

Қазақстан Президентінің қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы бастамасына қоғамдық ұйымдардың же­текшілері де қолдау білдірді. Олардың қатарында «Қазақ тілі» халықаралық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Б.Же­ксенғалиев, «Ар­дагерлер ұйымы» респуб­ликалық қоғамдық бір­лес­тігінің Қостанай облыстық фи­лиа­лының төрағасы К.Үкин, Қызыл­орда об­лысы­ның Жалағаш ауданы ардагер­лер кеңесінің төрағасы С.Әлиев бар.

Елбасы өз атына келіп түс­кен барлық хаттармен мұқият танысып шығып, хат иелеріне жылы лебіздері үшін алғыс білдірді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

21.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

21.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

21.10.2018

Қостанайда есірткі сатушылардың көшедегі жарнамасы өшірілді

21.10.2018

Қостанайда «102» операторлары үшін еліміздегі тұңғыш скрипт жасалады

21.10.2018

Қостанайда Абай Әмірхановты еске алуға арналған фестиваль өтті

21.10.2018

Алматыда үйінен шығып кеткен журналист келіншектің мәйіті табылды

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда республикалық ақпараттық-насихат тобы Жолдау талаптарын түсіндірді

21.10.2018

Дәрігер телефонмен кеңес береді

21.10.2018

Мәдениет министрі жолдау бағыттарын түсіндірді

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

21.10.2018

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

21.10.2018

Қорабай Есеновтің «Мәңгілік шырақ» атты мерейтойлық концерті өтті

21.10.2018

Туризмді дамыту жайы халықаралық форумда талқыланды

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен Батыр Баян атындағы республикалық турнир өтті

21.10.2018

Музейге қатысты мәселе талқыланды

21.10.2018

Қостанайда Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтті

21.10.2018

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр

21.10.2018

«БӨРІЛІ МЕНІҢ БАЙРАҒЫМ...»

21.10.2018

Ұлттық палатада туризмді дамыту бағдарламасы таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу