Әлем • 22 Қыркүйек, 2017

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Қазақстанның халықаралық істердегі рөлін жоғары бағалады

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Мирослав Лайчак Қазақстанның халықаралық істердегі, әсіресе қарусыздану және жанжалдарды реттеу мәселелеріндегі сындарлы рөлін жоғары бағалады, деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Қазақстанның халықаралық істердегі рөлін жоғары бағалады

«Сириялық реттеудегі қауіпті жағ­дайды Астана процесі кәдімгідей құт­қа­рып шықты», деді М.Лайчак Нью-Йорк­тегі БҰҰ штаб-пәтерінде жақында Қа­зақ­­стан Сыртқы істер министрі Қай­рат Әбді­рах­мановпен кездесуі барысында.

Словак саясаткері өзінің Бас Ассамб­леяда төрағалық ету кезіндегі жанжал­дардың алдын алу, көші-қон мәселелері және БҰҰ реформасында Бас хатшыны қолдау секілді үш басымдығы туралы  айтты. Ол БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша Қазақстанмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге әзірлігін білдірді.

Қ.Әбдірахманов Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 тамызда МАГАТЭ-нің Төмен байы­тыл­ған уран банкінің ашылу рәсімі барысында жариялаған бастамалары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ядролық қару иеленуші елдердің саммитін шақыру, ядролық қарусыз өңірлерге кіретін барлық мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру мәселелері сөз болды. Министрдің айтуынша, Қазақстан ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитті Астанада өткізуге дайын.

Кездесу барысында БҰҰ-ның Ал­ма­­тыда халықаралық өңірлік хабын құ­рудың практикалық аспектілері тал­қыланды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 72-ші сес­сия­сының аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі орынбасары Владимир Воронковпен және қарусыздану мәселелері жөніндегі орынбасары Исуми Накомитсумен кездесті.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуге дайындығына байланысты Қ.Әбдірахманов Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Мажарстан, Бурунди, Гамбия, Габон және Буркина-Фасо сыртқы істер министрлерімен де екіжақты кездесулер мен консультация­лар өткізді.

Африка мемлекеттері БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесінің күн тәртібіндегі дамушы әлемнің мүдделерін қозғауға қатыс­ты Қазақстанның дәйекті және әділ ұста­нымына ризашылықтарын білдірді. Қа­зақ­стан тарапы Африка құрлығының өкіл­деріне Астанадағы ЭКСПО-2017 көрме­сіне белсенді қатысқандары үшін алғыс айтты.