Кәсіпқой бокс • 22 Қыркүйек, 2017

Головкин тағы бір басылымның рейтингінде бірінші орынға көтерілді

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

World Boxing News басылымы салмақ дәрежелеріне қарамастан (P4P) үздік боксшылардың тізімін жариялады. Бұл рейтингіде WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) бірінші орынға жайғасты.


Головкин тағы бір басылымның рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Бұл америкалық Андре Уордтың (32-0, 16 КО) карьерасын аяқтағаннан кейін болып отыр. Ол ресейлік Сергей Ковалевті (30-2-1, 26 КО) жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF белбеулеріне иелік еткеннен кейін WBN рейтингінде көш бастаған болатын.

WBN нұсқасы бойынша P4P рейтингінің ТОП-10 тізімі:

1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО; Қазақстан) – орта;

2. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО; АҚШ) – бірінші жартылай орта;

3. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО; Украина) – екінші жартылай жеңіл;

4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО; Мексика) – орта;

5. Майки Гарсия (37-0, 33 КО; АҚШ) – жеңіл;

6. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО; Куба) – екінші аса жеңіл;

7. Мигель Котто (41-5, 23 KO; Пуэрто-Рико) – бірінші орта;

8. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО; Жапония) – екінші аса жеңіл;

9. Кит Турман (28-0, 22 КО; АҚШ) – жартылай орта;

10. Хорхе Линарес (42-3, 27 КО; Венесуэла) - жеңіл.

Головкин осыған дейін ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингіне иелік еткен болатын. Алдағы уақытта отандасымыз беделді The Ring журналында да көш бастайды деп күтіліп отыр.