Әлем • 24 Қыркүйек, 2017

Германияда бундестаг сайлауы өтіп жатыр

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда бүгін бір палатадан тұратын ел парламенті – бундестаг сайлауы өтіп жатыр. Ел аумағында жалпыхалықтық бундестаг сайлауы үшін дауыс беру орындары ашылды, деп жазады BBC қызметі.

Германияда бундестаг сайлауы өтіп жатыр

Қазіргі канцлер Ангела Меркель христиан-демократиялық партиясы (ХДС) атынан төртінші рет үміткер атанып отыр. Сонымен бірге оның партиясы жаңа бундестаг құрамында негізгі орынға ие болады деген болжам бар. Бұл сайлауда бәсеке ХДС мен «Үлкен коалиция» бойынша әріптес болып келген Германия социал-демократиялық партиясы арасында өтіп жатыр. Ал «Германия үшін балама» оңшыл радикалдар партиясы алғаш рет парламентке өтуі мүмкін.

Сайлау жергілікті уақыт бойынша таңғы 8-де басталды, сайлау учаскелері кешкі 18.00 шамасында жабылады. Алғашқы нәтижелер дауыс беру аяқталғаннан кейін белгілі болмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бергі мерзімде бундестагқа алғаш рет алты партия өтуі ықтимал болуы себепті де бұл жолғы сайлаудың маңызы жоғары болып отыр.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»