Түркі кеңесінің бас хатшылығына Қазақстан өкілі тағайындалмақ

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің жұмысы БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде өткен Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің бейресми кездесуінің басты тақырыбына айналды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Егемен Қазақстан
24.09.2017 5938

Келелі кеңеске Әзербайжан Сыртқы істер министрі Э.Мамедьяров, Түркия Сыртқы істер министрі М. Чавушоғлу, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Е.Абдылдаев және Түркі кеңесінің Бас xатшысы Р.Хасанов қатысты. Жиында Түркі кеңесінің кезекті Саммитінің уақыты мен күн тәртібі талқыланып, кеңестің атқарған жұмыстарына баға берілді.

2015 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласында өткен Түркі кеңесінің V Саммитінің шешімін дамыту қадамдары мен Қырғызстанның мемлекет басшысымен болатын кезекті кездесудің дайындығына баса назар аударылды.

Сонымен бірге министрлер Түркі кеңесі мен БҰҰ және оның маманданған мекемелерімен, халықаралық және аймақтық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жайындағы сұрақтарды қарастырды. Қатысушылар Түркі кеңесінің БҰҰ және ИЫҰ сияқты халықаралық ұйымдарда бақылаушы мәртебесін алуға өтініш беруге байланысты атқарылатын келесі қадамдарды мақұлдады. Халықаралық Түркі академиясына Мажарстан (Венгрия) тарапының бақылаушы мәртебе алу туралы ұсынысы мақұлданып, Түркі кеңесінің алдағы Саммитінің күн тәртібіне енгізілді.

Түркі кеңесінің бас хатшысы Рамиля Гасановтың өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан мемлекеті тарапынан жаңа бас хатшы лауазымын тағайындау келісілді, қызметке кірісу мерзімі қосымша мақұлданатын болады.

2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзербайжан Республикасы) өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммитінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды. Түркі кеңесіне Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекеттері мүше.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу