Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Сөзіме салсаң құлақ анық мына:
Қазағым нәсіп қылған балықты да. 
Амалдап ау-жарағын аужал етсе,
Аралым асыраған халықты да.

Аш-арық жеткенінде арып, талып,
Сыр-Ана құшақ жайған бағып-қағып.
Өзенді жағалаған өзек жалғар,
Барыңды бағаласаң балық та – құт!..
 

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы

Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»