Спорт • 28 Қыркүйек, 2017

4 сағатта – 47 шақырым

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марат Жыланбаевтың есімі Гиннестің рекордтар кітабына марафоннан әлемнің 7 мәрте рекорд­шысы ретінде енген. Ол – төрткүл дүниенің ең үлкен құмды шөлдерін бір өзі ғана жүгіріп өткен әлем­дегі жалғыз марафоншы. Мысалы, әйгілі жел­аяқ 1993 жылдың 25 ақпаны мен 23 наурызы ара­лығында Қарам­құмның 1700 шақырымын 24 күнде ба­­ғындырып,  жүгіріп өткен. 

4 сағатта – 47 шақырым

Енді Марат Жыланбаевтың ізін жалғас­тырушылар Батыс Қазақстан облысындағы Бостан­дық ауылынан шықты. 20 қыр­күйек күні бостандықтық Еділ­жан Қосболов пен Мержан Серіков Жалпақтал ауылынан Бос­тандық ауылы арасындағы 47 шақырым қашықтықты 4 сағатта бағындырды. Таңғы сағат 6.00-де жүгіруді бастаған олар 10.00-де Бостандық ауылына келіп жетті. Осындай марафоншы жігіт­терді Бос­тандық ауылының тұрғын­да­ры салтанатты түрде қарсы алды. 

Бұның өзі ауданымызда ел­дің атын шығарар спортшы жастардың көп екенін байқатады. Тек соларға уақытында қолдау болып жатса, болашақта марафоннан ғана емес, басқа спорт түрлерінен де рекордшылар табылатыны сөзсіз. Сондықтан Еділжан мен Мержанға Марат Жыланбаевтай Гиннестің рекордтар кітабына есімдерің жазылсын деген тілегімізді оқырмандар атынан білдіреміз!

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы