Ирактағы күрдтердің референдумы жайлы не білеміз?

Таяуда Ирактағы күрд халқы тәуелсіздік жөнінде референдум өткізді. Бұл оқиғаның азаттыққа ұмтылған халықтың тағдыр шешті әрекеті тәрізді көрінетіні белгілі. Алайда, көрші елдердің референдумды мойындамауы – Күрдістандағы шиеленісті одан әрі күрделендіріп жіберді.

Егемен Қазақстан
28.09.2017 7884
Сурет СNN жаңалық порталынан алынды

Al Jazeera-ның хабарлауынша, дауыс беру дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 16:00-де аяқталған. Референдумның қорытындысы алдағы 72 сағат ішінде анықталады. Ирактағы Күрдтер территориясына тарайтын Rudaw TV арнасы дауыс беруге халықтың 78 пайызы, яғни 5 миллионға жуық электорат қатысқанын мәлімдеді.

Дауыс беру бюллетенінде «Күрдістан аймағын және оның сыртындағы күрдістандық жерлердің тәуелсіз мемлекет болуын қалайсыз ба?» деген сұрақ күрд, араб, түрік және ассирия тілдерінде қойылған.

Al Jazeera агенттігі Күрдтердің референдумда тәуелсіз ел атануды қолдап шығатынын пайымдайды. «Дегенмен, бұл бірден Ирактан бөлініп шығуды білдірмейді. Күрдістан жергілікті билігі (КЖБ) партиясының АҚШ-тағы өкілі Баян Сами Абдул Рахман нәтиже Ирак үкіметіне қажетсіз болғанымен, халықтың қалауына көнген күрд басшылары үшін тиімді екенін айтады», – дейді Al Jazeera.

Баян Самидің сөзіне сүйенсек, күрд халқы референдумға маңыз беріп отыр. Сонымен қатар, ол халықтың келіссөздерге әзір екенін айтады ол. «Біз Ирактағы не Күрдістандағы жағдайды тұрақсыздандыруды қаламаймыз... Алайда біздің мақсатымыз Ирактағы Күрдістанның тәуелсіздігін жариялау», – дейді Баян Сами Al Jazeera-ға берген сұхбатында.

Күрдтердің тәуелсіздікке талпынысын көрші мемлекеттер қолдап отырған жоқ. Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади референдумды Конституцияға сай емес деп мәлімдеп, нәтижесі қандай болғанына қарамастан келіссөздер жүргізбейтінін хабарлаған-ды.

Күрдістанның егемендігіне көрші Түркия мен Иран да қарсылық көрсетіп отыр. BBC-дің ақпаратына сүйенсек, Түркия мен Иран өз аумақтарында күрд халқының азаттық күресі тұтанып кетуінен қауіптенеді. Қазіргі таңда Анадолы топырағында 14 миллионға жуық күрд халқы мекен етеді. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдің тұтастығына қауіп төндіретін кез келген әрекетке тыйым салатынын жеткізді. Анадолы агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Сыртқы істер министрі Мевлют Чавусоғлу Киркук аумағындағы түрікмендерге зорлық көрсетілсе, қарулы күштердің басып кіруге әзір екенін хабарлаған. Премьердің пікірінше, «мүйіз сұраймын деп жүріп құлағынан айрылыптының» кері келіп, күрдтердің қазіргі автономиялық құқықтары шектелуі мүмкін.

АҚШ та картада Күрдістан мемлекеті пайда болуына қарсы. Euronews америкалықтардың бұл қадамын аймақтағы ең сенімді әріптесі Иракты әлсіретіп алмауымен түсіндіреді. Таяу шығыста күрдтерді қолдап отырған Израиль ғана. Елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху олардың әрекетін «жеке мемлекет құру жолындағы заңды әрекет» деп есептейтінін тілге тиек еткен-ді. Euronews арнасы Израильдің қолдауын күрдтер мен еврейлер арасында тығыз қарым-қатынас орнауымен байланыстырады.

Киркуктағы ирактық күрд өкілі сайлаудан шыққан соң сия жағылған саусағын көрсетіп тұр. CNN cуреті 

БҰҰ да аймақтағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, референдумның соңы аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Al Jazeera-ның хабарлауынша, БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Ирак пен Күрдістанның жергілікті билігін мәселені келіссөздер мен диалог арқылы шешуге шақырған.

Қазіргі таңда солтүстік Ирактағы күрдтердің автономиялық құқығы бар. Сонымен қатар, олар өздерінің парламентін сайлап, заң шығаратын және білім саласына қатысты шешім қабылдайтын мүмкіндікке ие. Аймақтың қазіргі президенті Масуд Барзанидің өкілеттігі екі жыл бұрын аяқталған болатын. Алайда Таяу шығыстағы тұрақсыздықтың кесірінен оның басшылығы ұзартылған-ды. LSE университетінің зерттеушісі, ғылым докторы Зейнеп Кая Euronews арнасына берген сұхбатында аймақтың саяси шиеленіске тап келгенін айтады. «Күрдістандағы экономикалық дағдарыстан кейін Масуд Барзаниге деген сенімділік азайды. Сондықтан, егемендікке ұмтылу қадамы халық алдындағы оның мәртебесін өсіреді. Өйткені, Ирак әскері оларды қорғай алған жоқ және күрдтердің қиыншылыққа душар болуын Бағдад билігінен көреді», – дейді Зейнеп Кая.

The Guardian газетінің пікірінше, күрдтердің азаттық талпынысы түсінікті. Басылымның пікірінше, олардың дәлелі ақылға қонымды. «Дауыс беру – Барзани мырзаның өз халқы алдындағы абыройын өсіреді, алайда мақсатына қалай жететіні белгісіз. Аңсаған арманынан бас тартудың құны арзанға түспейді. Әлі де шиеленістен шығатын жол да, уақыт та бар. Ендеше, оны аса ұқыптылықпен қолдану керек», – дейді The Guardian басылымы.

Күрдтердің егемендік жөніндегі референдумы қаншалықты заңды? БҰҰ Жарғысы мен  Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті кез келген халықтың саяси көзқарасы мен ұстанымын жариялауға мүмкіндік береді. Қысқаша айтқанда, кез келген ұлт өзара референдум өткізіп, мемлекет атануға құқылы. The Independent газетінің пайымдауынша, мұндай әрекеттің соңы заңдық тұрғыдан қарама-қайшылыққа әкеліп соғады. Аймақтың мемлекетке айналуы өзі орналасқан елдің егемендігі мен тұтастығына нұқсан келтіреді. Сондықтан, ешқандай халықаралық ұйымдар аймақтың негізгі иесінің рұқсатынсыз жарияланған мемлекеттің егемендігін мойындай алмайды.

Мәселен, Шығыс Тимор Индонезиядан, Оңтүстік Судан мемлекеті Суданнан, Эритрея Эфиопиядан тәуелсіздігін алғанда өзара келіссөздер жүргізіліп, егемендік жариялауға негізгі мемлекет рұқсат берген болатын. Шотландия Ұлыбританиядан бөліну жөнінде референдум өткізгенде «Тұманды Альбион» дауыс беруге қарсылық көрсеткен жоқ. Сонымен қатар, территорияның мемлекет атануы үшін БҰҰ-ның ел деп тануы керек. Күрдістандағы ахуалға келсек, Ирак тарапы референдумды мойындаған емес. Ендеше, дауыс беру нәтижесіне қарамастан күрдтердің егемендігі қаншалықты жаппай мойындалуы белгісіз.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

Әділ Ахметов. Астана айбыны

18.06.2018

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

18.06.2018

Тіл төрге озғалы қашан - Сүлеймен Мәмет

18.06.2018

Географ-геоморфолог Серікбол Қондыбай туралы сыр

18.06.2018

Басқа басылымдардан: Аустрия 7 мешітті жауып, 60 имамды елден шығармақ

18.06.2018

АҚШ-КХДР саммитінің маңызы қандай?

18.06.2018

Дәурен Абаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті

18.06.2018

Елімізде көп адамның еңбек мәртебесі жоқ - Мәдина Әбілқасымова

18.06.2018

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына 25 жыл толды

18.06.2018

Астанада үздік мектеп бітірушілерді марапаттады

18.06.2018

ҚР КК-нің «ҚР конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы

18.06.2018

Ауыл шаруашылығы министрі халыққа есеп берді

18.06.2018

Парламентте бюджеттің атқарылу есебі қабылданды

18.06.2018

Астана-20: Бас қала осылай басталған

17.06.2018

Рельстен шығып кеткен пойыздың 832 жолаушысы Шу станциясына жеткізілді

17.06.2018

«ҚТЖ»  ҰҚ  қайтыс болған жолаушының отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты

17.06.2018

IRONMAN 70.3 триатлоннан халықаралық чемпионаттың бірінші жеңімпаздары марапатталды

17.06.2018

Қызылорда қаласының әкімі ардагер ақсақалдарды мерейтойларымен құттықтады

17.06.2018

Түркияда дәстүрлі өнер фестивалі өтті

17.06.2018

Астана-Алматы пойызы: зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Minecraft»: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?

Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Педагогикалық басылымдарға қолдау қажет

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің баспасөз саласы да нарықтық қатынас­тар­ға біртіндеп ене бастады. Бүгінде оны қаптаған ақпарат құралдарынан көріп отырмыз. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ дастарқаны

Қазақтың байтақ даласындай ақ дастарқаны, сол дастарқанға қойылған табиғи тағамдары, кіршіксіз көңілі, қайтсем үдеден шығамын деп құрақ ұшып, құлдай жүруі – бұл өзге жұрттарда кездесе бермейтін бір әлем. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу