ЭКСПО-2017 • 29 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО игілігі агроөнеркәсіп дамуына септеседі

283 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Үкіметтің баспасөз орталығында ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесінде ұсынылған инновациялық технологияларды Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласына қолдану тақырыбында брифинг өтті. 

 

Баспасөз мәслихатына Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, «ҚазАгро» АҚ басқарма төрағасының орын­басары Гүлназ Атамқұлова, сон­дай-ақ «Агротехнологиялар тран­­с­­ферті және коммерция­лан­­дыру орталығы» ЖШС бас ди­рек­­торы­ның міндетін ат­қару­­­шы Аза­мат Садықов және «Қазақ­стан ұлт­тық аграрлық уни­вер­си­теті» КЕАҚ су ресурс­тары және ме­лио­ра­ция кафедрасының PhD док­торы Зұлпыхар Бауыр­жан қ­аты­сып, көрменің агротех­нологиялар сала­сындағы рөлі туралы айтып берді.

Г.Исаеваның айтуынша, ЭКСПО-2017 тек әлемдік энерге­ти­ка­да ғана емес, сонымен қатар көп­­теген өзге салаларда да, со­ның ішінде агротехнологиялар сала­сында да инновациялар алаңына айналды.

«Еліміздің Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі аса қы­зық­т­ы жаңа технологияларды ірік­теу мақсатында арнайы жұ­мыс то­бын құрды. Бұл топ бір­не­ше рет ауыл шаруашылығы сал­а­сындағы алдыңғы қатарлы тех­но­логияларды таныстыру­ға, семинарлар мен кез­де­с­у­лерге қатысты», деді Г.Исаева.
Қазақстанда қолдану ықти­мал­дығымен ауыл шаруа­шылығы үшін 15 елден 66 жаңа технология іріктеліп алын­ды. Олардың ара­сында ауылшаруашылық қал­дық­тары­нан энергия және жан­ғыш материал­дар алу, балдыр био­массасын, тыңайт­қыштар алу тех­но­логия­лары, дәнді дақылдар өсі­ру техно­логиялары, ауыл шаруа­шы­лығы аймақтары үшін бей­не-мони­торингтің ұш­қышсыз авиа­ция­лық кешен­дерін пайда­лану және т. б. инновациялық жобалар бар.

Іріктеліп алынған техно­ло­гия­лар ғылыми-сараптамалық баға алу мақсатында «ҰАҒБО» КЕАҚ салалық институттарына жіберілген. Сонымен қатар ЭКСПО-2017 аясында әлем­дік жетекші ғылыми-зерттеу орта­лық­тарымен және әзірлеу­ші­лер­мен ынтымақтастық орнатылды. Көрме ауыл шаруашылығын да­мы­­туға ықпал ететін және Қазақ­­стан мен өзге елдер ара­сын­да­ғы қарым-қатынасты жан­дан­дыруға көмек беретін заманауи инновациялық агротехно­логия­ларды бағалауға үлкен мүмкіндік берді, дейді Г. Исаева.

Ал «ҚазАгро» АҚ басқарма төр­ағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлованың айтуынша, қазақстандық инновациялық агрожобалар ЭКСПО-2017 көрмесінде үздіктер қатарында болған. Г.Атамқұлова сонымен қатар «жасыл» технологияларды ауыл шаруашылығында қол­дану­дың тиімділігін және Қазақ­станның органикалық өнім­дер өндірісіндегі әлеуетін көр­сет­кен «ҚазАгро» холдингі­нің экспозициясы туралы да баян­дады. Ол, сондай-ақ келу­шілер отандық АӨК дамуының зама­науи кезеңімен және Қазақ­стан­да органикалық ауыл шаруа­­­шылығы перспектива­лары­­­мен танысқанын, ресурс үнем­дейтін технологиялар қолда­ны­латын «ҚазАгро» жоба­лары­на вир­туал­ды саяхат жасау мүм­кін­дігі­не ие болғанын тілге тиек етті. Мәселен, ЭКСПО қо­нақ­­тары құрғақ бие сүті өндірі­сімен таны­су және күркетауық еті өндірісі мен қайта өңдеудің толық цик­лін көру, Қазақстандағы ең ірі өнер­кәсіптік жылыжайды, сондай-ақ емдәмдік сүт өнімдері өндірісін аралау мүмкіндігіне ие болған. 

Г.Атамқұлова ЭКСПО-2017 көр­месін өткізу кезеңінде хол­дингтің экспозициясын әлемнің әртүрлі елдерінен 10 мыңнан астам адам аралағанын да атап өтті. Сондай-ақ көрме аясын­да 2017 жылғы 25 тамызда «АгроИнвестФорум 2017» ұйым­дас­тырылған. Форумға әлем­нің 18 елінен 200-ден астам қа­ты­су­шы, оның ішінде ірі шетел­дік инвестициялық қорлар мен қаржы ұйымдарының 40-қа жуық өкілі, сонымен қатар қазақ­стан­дық және шетелдік агро­биз­нес өкілдері қатысқан. Ф­о­рум­­­ның қорытындысы бойын­ша Қазақ­­станның ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласына инвестициялар тарту, оны экономикалық әрта­рап­тан­дыруға қолдау көрсету бойынша бірқатар маңызды келісімдер мен меморандумдарға қол қойылған.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»