Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2017

ШҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының күні өтті

299 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Барлығы жастар үшін» деген ұранмен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Өскемен қаласында болды.

ШҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының күні өтті

Үржар ауданының балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына балаларды дамытуға арналған замануи интерактивтік жабдығы сыйға тартылды.

«Жастарды Тұңғыш Президент Қорының жобаларымен және гранттарымен таныстыру үшін өңірлерге бару жақсы дәстүрге айналды. 2017 жылдан бастап біз Қарағанды, Шымкент, Көкшетау және Талдықорған қалаларында болдық», - деп атап өтті ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының (бұдан әрі - Қор) Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, «Шығыс Қазақстан облысынан 24 адам Қордың грант иегері атанды. Олар жас ғалымдар мен студенттер. Біз жастардың жас дарындарға көмек көрсетуге бағытталған отандық қорлардың және қоғамдық ұйымдардың қызметімен танысуға белсеніділік танытқанын қалаймыз».

«Тұңғыш Президент Қорының Өскемен қаласындағы күні» облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездесумен басталды, онда облыс жастарын қолдауға бағытталған болашақ жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.

Әкімдікте Қордың басшылығы Үржар ауданының балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкіліне интерактивтік жабдық сатып алу үшін 3,5 миллион теңге сомасына сертификат табыс етті.

Бұдан кейін Қордың ұжымы және оның лауреаттары Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде (ШҚМТУ) ғылыми және студенттік активпен кездесті, онда Қордың жобалары, гранттары және атаулы стипендиялары және оларды қалай жеңіп алу туралы әңгіме болды.

«Method» бағдарлама жасау мектебінің басшысы, Қордың ІТ-кеңесінің төрағасы Дагар Давлетовтың ШҚМТУ университетінің студенттері - болашақ ІТ- мамандары үшін өткізген шеберлік сабағы қызықты әрі пайдалы болды.

Дагар Давлетовтың сөзінен: «2017 жылы Қор ІТ саласында 2 ірі жобаны іске асырды, ол - «Smart Zholy» и «Method PRO» жобалары, олардың арқасында жас қазақстандық бағдарламашылар және стартаперлер оқу оқып, өз бағдарламаларын Қазақстанның және шетелдің ірі ұлттық компанияларына ұсынды. Оның нәтижесінде біздің жас мамандарымыз жұмысқа орналасты, ал олардың бағдарламалары ұлттық компанияларда ұтымды пайдаланылуда».

Сонымен бірге, Қордың Сыйлығының лауреаты, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, «Қазақстанның алтын виолончелі» Ермек Құрманаевтың Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің ішекті аспаптар бөлімшесінің студенттері үшін берген шеберлік сабағы жиналған жас музыканттардың көңілінен шықты.

Ермек Құрманаев айтқандай: «Біз - музыканттар жастармен өз тәжірибемізді бөлісуге әрдайым дайынбыз. Тұңғыш Президент Қоры көптеген жылдар бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды жастарға өздері таңдаған кәсіби мамандықтарында табысқа жетуге көмектесіп келеді».

Қордың іс-шаралары Металлургтердің мәдениет сарайында өтетін опера жұлдыздарының – Қордың Сыйлығының Лауреаттарының концертімен аяқталады. Көрермендер алдында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – белгілі әртіс-баритондар Сүндет Байғожин және Азамат Желтыргөзов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары - концертмейстер - Гаухар Тасбергенова, меццо – сопрано - Татьяна Вицинская, бас -  Болат Есімхан және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, «Қазақстанның алтын виолончелі» Ермек Құрманаев өз өнерлерін көрсетеді.