Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2017

ШҚО жастары жастар мәслихатына белсенді қатысты

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде алғаш рет өткен жастар мəслихаты сайлауына шығысқазақстандықтар белсене қатысты.

ШҚО жастары жастар мәслихатына белсенді қатысты

 Облыс аумағындағы 500 сайлау учаскесінде жастар 1000 үміткерге өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанда Жарма ауданының жастары да белсенділік танытты.

«Аталған сайлауға аудандағы жастардың 50 пайыздан астамы қатысып, азаматтық ұстанымдарының айқын екендігін көрсетті. 4548 жармалық жас өз таңдауларын жасап, барлығы 58 кандидаттың 21-і ғана сайланды. Сайлау бюллетен арқылы ғана емес, әлеуметтік желі арқылы онлайн дауыс беру жүйесімен де жүргізілді», - дейді Жарма ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Аийда Жұлдыбаева.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы.