Бокс • 01 Қазан, 2017

Иван Дычко аса ауыр салмақтағы боксшылар рейтингіне енді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жеткен Иван Дычко BoxRec.com беделді порталының аса ауыр салмақтағы боксшылардың рейтингіне енді, деп хабарлайды sports.kz.

Иван Дычко аса ауыр салмақтағы боксшылар рейтингіне енді

27 жастағы қазақстандық боксшы 684-інші орынға орналасты. Еске салайық, 30 қыркүйек күні Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

АҚШ-тың Даллас қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз алғашқы раундта америкалық қарсыласы Эйбур Райтты техникалық нокаутпен жеңді. Бұл Вирджиниядан шыққан 34 жастағы боксшының спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Ол осыған дейін екі қарсыласынан басым түскен еді.