Қазақстан • 02 Қазан, 2017

Астанада 4000 астам нысан орталықтандырылған жылуға қосылды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017-2018 жылғы жылыту маусымына энергия көздерінің 96 %, сумен қамту және су тарту желілерінің 100%, жылу желілерінің 96,9% дайын. ЖЭС-тағы көмір қоры 356 678 тоннаны, мазут қоры 5341 тоннаны құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада 4000 астам нысан орталықтандырылған жылуға қосылды

Астана қаласы әкімдігінің мәліметтерінше, бүгінгі таңда 5497 нысанның 4076-ның орталықтандырылған жылуға қосылған. 62 мектептің 62-сіне, 76 балалар бақшасының 75-сіне, 21 оқу орнының 20-сына жылу берілген, деп хабарланды бүгін қалалық әкімдіктің аппарат жиналысында.

Қаладағы 2310 көппәтерлі тұрғын үйдің 2306-ы жылуға қосылды. Әкімдіктің ақпаратынша, 4 көппәтерлі үй орталықтандырылған жылуды қабылдауға дайын емес. Бұл үйлер «Сарыарқа», «Есіл» аудандарында орналасқан.  Мәселен, Ақан сері 16 мекен-жайы бойынша орналасқан үйде 8 коллектор үзілген.  Олар монтаждық жұмыстар аяқталған соң іске қосылатын болады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 5 блоктың 3-уі іске қосылған.

Басқа да «проблемалы» тұрғын үйлер бойынша мәселелер шешіліп жатыр.