Әлем • 02 Қазан, 2017

Кәсіпкерлерге 4,2 млрд теңге бөлді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында 980 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде. Мұндай аймақ аумақтың инфрақұрылымын дамытып, инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлімдеді.

Кәсіпкерлерге 4,2 млрд теңге бөлді

Әкім сондай-ақ өңірде индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы шеңберінде инвестициялар көлемі 1,1 трлн теңгені құрайтын 35 жоба жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Бұл 8412 жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек. Ал биылғы жылы 1323 жұмыс орнын құруға жағдай жасайтын 8 жобаны іске қосу көзделіп отыр. Олардың инвестициялар көлемі ­271,0 млрд теңгені құрайды.

Б.Бақауов сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпкерлердің белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті. «Қазіргі кезде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,5 пайызға артты, олар шығаратын өнім көлемі 1,3 есеге артты. Жалпы, Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға 4,2 млрд теңге бөлінді» деді әкім. 

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»