Қазақстан • 03 Қазан, 2017

Алматыда мультилингвизм мамандары бас қосты

725 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халықтарының тіл фестивалін атап өту кезінде Сүлеймен Демирел атындағы университетте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, этносаралық ынтымақтастықты, Қазақстан халқының достығы мен бірлігін насихаттауға, сондай-ақ көптілділік үрдісін дамытуға бағытталған апталық өтті. 

 

Алматыда мультилингвизм мамандары бас қосты

Тіл апталығының ресми­ бө­лі­гі еуропалық тілдер күні­не арналған халықаралық сим­позиуммен ашыл­ды. Сим­позиум аясында «Көптілді бі­лім беру дәуіріндегі тіл сая­са­­ты мен мультимәдени сәй­­­кес­тік» тақырыбында семи­нар өткізілді. Оған Литва, Ұлы­бри­тания, Франция, Италия ел­­ші­ліктерінің, ЮНЕСКО жә­не­­ БҰҰ өкілдері, сондай-ақ Ка­нададан келген профессорлар, СДУ, ҚазҰУ, КИМЭП жә­не­ Қа­зақстандағы Сорбонна инс­­ти­­тутының профессор-оқыту­шыла­ры қатысты.

Жаһандану заманындағы тіл­­дер­дің даму тенденциясына­ қа­тысты бірқатар өзекті мәсе­ле­­лерге тоқталып, ха­лы­қ­­­ара­­лық қатынас, дипло­ма­тия­­­лық серіктестік жә­­не бі­лім­ беру саласындағы жа­ңа мүмкіндіктерді нығайту жө­нінде пікір алмасқан симпозиум қатысушылары бір­неше жыл­­дар бойы көптеген тіл­дер мен өркениеттердің ық­па­­лын­да болған Қазақстан үшін ма­ңызды фактор саналатын мәдениеттер диалогы идея­­сының маңыздылығына айрық­ша тоқ­талды.

Ал Елбасының үштұғырлы тіл­ идеясына сәйкес көптілді бі­лім беруді жүзеге асыру бо-йынша жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан Сүлеймен Демирел атындағы университет ректоры Қанат Қожахмет: «Үштұғырлы тіл» стратегиялық жобасын іске асыру бойынша Елбасының бел­гілеген бағыттарына сәйкес, көп­­тілді білім беруді дамытуға қа­тысты ауқымды жұмыс атқа­руымыз қажет. Ең алдымен, бұл мәселе оқытушылар мен бі­­­­лім­ алушылардың лингвис­тика са­­ласынан хабардар болуын,­ сон­дай-ақ олардың муль­­­ти­лин­гвистикалық да­йын­­­­дықтарын тексеру мен баға­лауды көздеуі керек. Алды­мыз­дағы 2019 жылдан бас­тап­ кейбір пәндер ағылшын ті­­лінде оқытылатындықтан, уни­верситеттің профессорлық-оқы­тушылар құрамы Елба­сы тапсырмасын жүзеге асы­­ру­ға іс жүзінде са­қадай сай. Көптілділікті дамыту­ қауым­дастығының алдында тұр­ған ең күрделі міндеттердің бірі – оқытушылардың мультилингвизм саласы маманы ретіндегі позиция-сын қалыптастыру деген ойларын ортаға салды.

СДУ сарапшыларының бол­­жамы бойынша бірнеше тіл ­білуге ғана емес, сонымен қа­тар  бірнеше өркениеттердің құн­­дылықтарын сіңірген ерекше ­ойлау қабілетіне негізделген мультилингвизм заманауи әле­м­нің сұраныстарын толық қа­нағаттандыра алады.

Мира Байбек,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар