Аймақтар • 03 Қазан, 2017

Дирижерлар сайысқа түсті

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында КСРО және Қазақстан халық әртісі, белгілі дирижер Шамғон Қажығалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай III республикалық дирижерлар конкурсы өтті.

 

Дирижерлар сайысқа түсті

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармония ұйым­дастырған бұл байқауға бақ сынау үшін еліміздің әр ай­мағынан үміткерлер келген. Конкурсанттарды Шамғон Қажығалиевтің жұбайы Жа­ңылсын Төлепбергенқызы мен Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев қарсы алып, ақ жол тіледі.

Тартысты өткен бай­қау­дың төрелігін құрамын­да Қазақ­станның еңбек сіңір­ген қайраткері, профессор, Ас­тана қаласындағы мем­ле­кет­тік академиялық фи­лар­­мо­­ниясы қазақ халық ас­пап­та­ры оркестрінің көр­кем­дік жетекшісі және бас ди­ри­жері Айтқали Жайымов, Қа­зақ­станның еңбек сіңір­ген әртісі Нұрғиса Тілендиев атын­дағы академиялық фоль­к­лор­лы-этнографиялық «Оты­­рар сазы» оркестрінің дири­жері Жалғасбек Беген­діков, Құрманғазы атын­да­ғы мем­лекеттік-акаде­мия­­лық қазақ халық аспап­тары оркестрінің бас дири­жері Арман Жүдебаев, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филар­мониясының Абыл Тарақ­ұлы атындағы қазақ халық аспап­тары оркестрінің көр­кем­дік жетекшісі әрі бас дири­жері Рахат Мадреев және «Құрмет» орденінің иегері, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Еркін Нұрымбетов бар қазылар алқасы жасады.

Байқау қорытындысында ақтаулық Әлібек Мұратов бас жүлдеге ие болып, озық шық­ты. Ал I орын Солтүстік Қа­зақ­стан облысынан келген Қа­йыр­лы Ғафуровқа, II орын – оралдық Асхат Хасановқа, III орын шымкенттік Ерлан Дәу­ренбеков пен алматылық Айдос Меңдалиевке бұйырды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Орал