Әлем • 07 Қазан, 2017

Ресейде көлік апатына ұшыраған қазақстандық уақытша орналастыру пунктінде жатыр

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының Владимир облысында көлік апатына ұшыраған қазақстандық Нұрғали Сарманов уақытша орналастыру пунктінде жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.


Ресейде көлік апатына ұшыраған қазақстандық уақытша орналастыру пунктінде жатыр

Айта кетейік, Ресейдегі жол-көлік апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарының есімдері анықталып, олардың Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары екендігі белгілі болған еді.

«Ресейдегі қазақстандық дипломаттар көлік апатынан қаза тапқан азаматтың мәйітін елге жеткізу мәселесін талқылауда және оның туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан», деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Ресей Федерациясының Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус жол апатына ұшыраған еді. Владимир облыстық ТЖМ-нің мәліметтеріне сүйенсек, апатқа ұшыраған автобуста 55 Өзбекстан азаматы және 2 жүргізушісі қазақстандық болған.