Қазақстан • 08 Қазан, 2017

Елорданың 20 жылдығын өткізуге жауапты комиссия құрамы бекітілді

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен «Ел жүрегі - Астана» - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Elorda.info.

Елорданың 20 жылдығын өткізуге жауапты комиссия құрамы бекітілді

Тұжырымдамаға сәйкес, елорданың 20 жылдық мерейтойын тойлаудың үш кезеңі белгіленді. Дайындық кезеңі: 2017 жылғы 10 желтоқсанға дейін; негізгі кезең: 2017 жылғы 10 желтоқсаннан бастап - 2018 жылғы 6 шілдеге дейін; мерекеден кейінгі кезең: 2018 жылғы 6 шілдеден бастап - 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Яғни, 2018 жыл мерейтойлық жыл болғаннан кейін, жоспарланған іс-шаралар жыл бойы өткізілетін болады.

Астананың 20 жылдығын дайындау және өткізу бойынша комиссия құрамы бекітілді. Оның төрағасы - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков. Төрағаның орынбасарлары - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев. Хатшысы - Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Берік Жәкенов.