Қазақстан • 08 Қазан, 2017

Ақылы жолдарға байланысты оңтайлы тарифті таңдау үшін қоғамдық тыңдау өтеді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қазанда ақылы автомобиль жолыдарға төлемақының оңтайлы тарифін таңдау үшін қоғамдық тыңдау өткізіледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ. 

Ақылы жолдарға байланысты оңтайлы тарифті таңдау үшін қоғамдық тыңдау өтеді

Ұлттық жол компаниясы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолы желісін дамытуды жалғастыруда.

Ақылы жолға ақының оңтайлы тарифін анықтау мақсатында «ҚазАвтоЖол» Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, қоғамдық тыңдау өткізеді. Тыңдау барысында автокөліктердің экологиялық қалдықтарының әсері, әлеуметтік факторлар және тағы басқа мәселелер қаралады.

Айта кетерлігі, қоғамдық тыңдау 24 қазанда сағат 15.00-де Астанадағы «Изумрудный квартал» әкімшілік ғимаратының «Түркістан» конференц-залында өткізіледі.