Қазақстан • 09 Қазан, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Бабамның бойында Күн, от бар еді,
Көзінде ғұннан қалған шоқ бар еді.
Аударған ат үстінен не дүрлерді,
Қазақтың қанындағы көкпар еді.
Қазақтың қазақ деген даңқы барда,
Нау жалған науаттанған нарқы барда,
Белді ат, берен білек, ерен жігіт – 
Көкпарсыз ас пен тойдың көркі бар ма?!

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»