Спорт • 09 Қазан, 2017

«WorldSkills Competition» әлемдік чемпионаты өтеді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазан айының 14-19 күндері аралығында Абу-Даби қаласында «WorldSkills Competition» әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан да қатысады. 

«WorldSkills Competition» әлемдік чемпионаты өтеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігі Кәсіптік және техникалық білім департаменті директорының орынбасары Ғалия Дәулетова мәлімдеді.

Спикердің сөзінше «World­Skills Kazakhstan» жобасы – жұ­мыс­шы мамандықтарының мәр­те­бесін арттыру мен дәріптеуді көздейді. 

«Жобаның маман тапшы­лығын азайтып, бәсекеге қабі­лет­ті, инновациялық даму жолын­дағы еліміз үшін аса қажетті кадр дайындауда қосатын үлесі зор. Ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласында «Worldskills Kazak­hstan» ұлттық чемпионаты өт­кі­зілді. Аталған шараға елі­міз­­дің барлық өңірінен 200-ден астам студент жастар, жас маман­дар қатысты», деді Ғалия Дәуле­това.

Сонымен қатар спикер­лер екі жылда бір мәрте ұйым­­дас­тырылатын «WorldSkills Com­­petition» әлем чемпионатына біз­дің еліміз 2014 жылдан бастап қаты­сып келе жатқанын атап өтті. 

«WorldSkills Competition» 44-әлем чемпионаты құрылыс, өндіріс және машина жасау технологиялары, роботты техника, көлік пен логистика секілді бағыттарды қамтиды. Бұл жарыс жастардың өздерінің шеберлігін, кәсіби деңгейін дәлелдеуіне кө­мек­теседі. Сонымен қатар оларға біліктілігін, білімін жетіл­діру үшін және болашақта қыз­мет таңдауда кәсіби мамандар­дан ақыл-кеңес алуға үлкен мүм­кін­дік беріледі. Еліміздегі «World­Skills» чемпионатын «Кәсіпқор» холдингі ұйымдастырып келе жатыр. Олар аймақтық, ұлттық деңгейде өтуіне өз үлестерін қосуда», деді Ғалия Дәулетова.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»