Қазақстан • 10 Қазан, 2017

QazSport Жақияновтың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста жеңіл салмақтағы WBA (Super) белбеуінің иегері отандасымыз Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) 21 қазан күні IBF тұжырымы бо­йын­ша әлем чемпионы бри­та­ниялық Райан Бар­неттке (17-0, 9 КО) қарсы өтетін кездесуді отандық QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК АҚ бас­­қармасының басшысы Ер­лан Қарин мәлімдеді. 

QazSport Жақияновтың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

21 қазаннан 22 қазанға ауысқан түні қазақ бокс жан­күйерлері отандасымыз Жанат Жақияновтың жек­пе-жегін тікелей эфир­­де көре алады.

Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да бас­талса, Жа­қиянов-Барнетт айқасы Астана уақы­ты бо­йынша 03:45-ке жос­пар­ланған», деді Е.Қарин. Жа­қиянов пен Барнетт ара­сын­дағы кездесу 21 қазан күні Сол­түстік Ирландияның Бел­фест қала­сындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді. 

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»