Қазақстан • 12 Қазан, 2017

Шындық – іште, өтірік – сыртта

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ежелден солай. Тек адамзат баласының мұндай саясатқа қай кезде, қан­дай мақсатпен көшкені ғана белгісіз. 

Шындық – іште, өтірік – сыртта

Әне, анау кісіге қараңызшы; білімді, ақылды, ауқатты. Бір сөзбен айтқанда, ешкімге күні түсіп тұрған жоқ. Бірақ, барын салып, мерейтой иесін өтірік мақтап жатыр.

Не үшін?..

Дастарқаны үшін бе? Жоқ. Қорыққандықтан ба? Құдай сақтасын. Сыйлағандықтан ба...

Міне, гәп сонда. Себебі сіз әлгі «Не үшін?» деген сұрақты тө­те­сінен қоя қал­­саңыз, оның қысы­лып, қызарақтап, бір-екі ауыз әзілмен құтылу үшін ұмтылатын жағалауы да осы.

Әйтпесе, оның қандай жолмен байығанын, қайтіп карьера жасағанын, кімдердің жолын кескенін, кімдер арқылы көтерілгенін, қысқасы, бәрін, бәрін біледі. Тіпті үйіне орал­ған соң, оны мақтаған аузын шайып, арқасынан қаққан қолын сабындап жуып тастау­ы да мүмкін.

Бірақ, қайтесіз... Тіршілік «заңы» солай. Қарым-қатынас соған бейімделген. Шындық байғұс іште бұйығып қала береді. Ал өтірік көше кезіп, серуендеп, қонаққа барып, той тойлап, шарап ішіп, сайран салып жүре береді...

 

Нұрғали Ораз,

«Егемен Қазақстан»