Бәделхан Камалханұлы: Төл спортымыздың туын желбіреттік

Жуырда Түрікменстан астанасы Ашғабадта жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнер бойынша V Азия ойындары өтіп, дүбірлі додада Белбеу күресі аясында төл өнеріміз – қазақ күресі тұңғыш рет енгені белгілі. Жақында осынау тарихи оқиғаға арнайы барып, балуандарымызға жанкүйер болған, қазақ күресінің бүгінгідей дәрежеге жетуіне сүбелі үлес қосып жүрген спорт жанашыры, «Дүниежүзілік қазақ күресі» федерациясының вице-президенті Бәделхан Камалханұлымен әңгімелескен едік.

Егемен Қазақстан
12.10.2017 7766

– Түрікменстанда балуандарымыз ел күткен үдеден шықты. Жарыстан алған әсеріңіз қандай?  

— «Дүниежүзілік қазақ күресі» федерациясы президентінің бірінші орынбасары Серік Түкеев екеуіміз Азия ойындарына арнайы шақыртумен барып, тамашалап қайттық. Жарыстан алған әсерімізді сөзбен айтып жеткізу қиын. Спорттық шара өте жоғары деңгейде өтті. Түрікмен елі дүбірлі додаға ерекше дайындалған екен. Байрақты бәсекеге әлемнің 62 мемлекетінің үздіктері жиналды. Бізді қуантқаны, бабадан қалған бағлан өнеріміз, ұлттық брендіміз қазақ күресін төрткүл дүние теледидар арқылы тамашалады. Айбек Нұғымаров бастаған атан жілікті жігіттеріміз нағыз бабында екендіктерін байқатып, қарсыластарын қоғадай жапырып, қазақтың күш-қайратын, рухын жер-жаһанға паш етті. Әнұранымыз бір емес, екі мәрте шырқалып, көк туымыз екі мәрте көтерілді. Екі алтын, бір қола жүлдені қанжығаға байлап, төл спортымыздың туын желбіретіп қайттық. Бұдан артық қуаныш, бұдан асқан бақыт бар ма? Бұл – алаш жұрты үшін, қазақ күресі үшін зор мәртебе.

 — Қазақ күресінің осындай дәрежеге жетуіне өзіңіздің ұйытқы болуыңызбен бес жыл қатарынан Барқытбелдің баурайында, Ақсуат жерінде өткізіліп келе жатқан Ырғызбай Досханаұлы атындағы халықаралық турнир де өз ықпалын тигізген секілді.

— Өткенге сәл шегініс жасасақ, бұл турнирді өткізу туған жерді түлету мақсатындағы игі ойдан, перзенттік парыздан туындаған еді. 1990 жылдары Серік Апрымовтың «Ақсуат» деген фильмі экранға шыққаны белгілі. Ол уақытта Алматыда қызмет істейтін едім. Бір күні қонақта отырып әлгі фильмді көріп, қатты ыңғайсыздандым. Шын мәнінде, бұл кино Ақсуатта емес, басқа облыстың бір фермасында түсірілген екен. Алайда фильм ел-жұрттың Ақсуатқа деген көзқарасын күрт өзгертіп, тіпті біздің елге қыз бермейтін жағдайға дейін жетті. 2000 жылдардың басында қызмет бабымен ел жаққа ауысқанда ең әуелі ойыма келгені – өсіп-өнген мекенді өркендетіп, мерейін асқақтату болды. Содан ойлана келе аудан жұртшылығына, кәсіпкерлік саласында жүрген аға-інілеріме қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы турнир өткізу қажеттігін айтқанымда бәрі бірдей қолдады. Сол кездегі облыс басшысы Бердібек Сапарбаев та бұл ойымды құптады. Әуелгі жылы жарысты облыстық деңгейде, келесі жылы халықаралық дәрежеде ұйымдастырдық. Одан кейін турнирді екі жыл қатарынан Гран-При деңгейінде өткіздік. Әлемнің 20-дан астам мемлекетінен білекті балуандар келді. Биыл әлем кубогы дәрежесінде ұйымдастырып, дүние жүзінің төрт құрлығынан келген спортшылар қатысты. Ерекше атап өтерлігі, әлем кубогы бұған дейін бірде-бір рет ауылда ұйымдастырылып көрмепті. Демек, Ырғызбай Досханаұлы атындағы турнир әлемдік күрес тарихында ауылда өткен жалғыз әлем кубогы болып қала берері анық.

— Қазақ күресі тұңғыш рет Азия ойындарына енді. Бұл – үлкен жетістік. Ендігі меже, алдағы жоспарлар қандай?

— Келесі жылы Үндістанның Джакарта қаласында Азия және Тынық мұхит елдері арасында ойын өтеді. Қазақ күресін соған енгізуге қадамдар жасалып жатыр. Жалпы, қазақ күресін келешекте бұдан да жоғары деңгейге көтереміз, Олимпиада бағдарламасына енгіземіз десек, бізге ең әуелі ауызбіршілік керек. Төл спортымызды насихаттауға келгенде бұратартуға жол беруге болмайды.

 — Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», деп жазған еді. Білуімізше, сіз халықаралық турнирден бөлек кезінде Құнанбайды емдеп жазған әулие Ырғызбай Досханаұлының кесенесінің жөнделуіне, ол жердің туристік нысанға айналуына да үлес қостыңыз...    

— Ырғызбай бабамыздың кесенесінің жөнделуіне де осы турнирдің тигізген ықпалы болды. Аталған жарысты екінші жылы халықаралық дәрежеде өткізіп, Ақсуатта 70 орындық қонақүй салдық. Ол жылы турнирге 10 мемлекеттен балуандар келген еді. Сол кезде бір ғана дүние жаныма қатты батты, ол – Ырғызбай ата кесенесінің тозып тұрғандығы. Үйдегі аға-інілеріммен ақылдаса келе кесенені өз отбасымыздың қаржысына толықтай күрделі жөндеуден өткізейік деген шешімге келдік. Сөйтіп, Баянауылдан көк тас алдырып, 10 адам 50 күнде қашап шығып, кесенені елге ұялмай көрсететіндей етіп жасадық. Бұл іске Ұлықбек Тұмашинов сынды іскер азаматтар да қолдау білдірді. Биыл Ақсуатта әлем кубогы өтер алдында облыс әкімі Даниал Ахметовке кіріп, осы сайыс жөнінде, әулие кесенесі туралы айтқанымда ол кісі бірден қызығушылық танытып, ұшақпен осында арнайы келіп, тарихи нысанды тамашалап, мемлекет қамқорлығына алу қажеттігін айтты. Міне, көп уақыт өтпей әулие кесенесі мемлекет қарамағына берілді. Кесенені абаттандыруға облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Осы елдің азаматы ретінде құнды мұрамызға құрмет білдіріп жатқан аймақ шысына зор алғысымды айтамын. Бір таңданарлығы, биыл Тарбағатай жеріндегі дүбірлі доданы екі миллионнан астам көрермен тамашалапты. Балуандар бәсекесін тамашалауға арнайы келген академик Ғарифолла Есімнің: «Ақсуат бүгін ұзатылған қыз сияқты болып тұр», деп тамсанғаны бар.

Расында, бүгінде Ақсуат адам танымастай өзгерді. Ақсуат халқы бұл турнирді жыл сайын асыға күтеді. Наурыз айынан қызу дайындық басталады. Ағаш отырғызылады, көшелер тазартылады. Ырғызбай Досханаұлы атындағы турнирден соң жыл сайын халықаралық айтыс, «Тарбағатай жұлдыздары» атты халықаралық ән байқауын өткізу дәстүрге айналды. Туған жерді түлету үшін осындай қадамдар жасалды.

Әңгімеңізге рахмет.

 

Әңгімелескен Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

 

ӨСКЕМЕН

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2018

Жакартада жанған жұлдыз

19.08.2018

Ауа райы болжамы: Ақмола облысы мен Астана аумағында дауыл тұрады

18.08.2018

Джакартада Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

18.08.2018

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

18.08.2018

Мемлекеттік хатшының қатысуымен Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы өтті

18.08.2018

Пара алған әкімдердің қылмысы әшкере болды

18.08.2018

Елордада «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік аймақтық іріктеу жарыстары өтіп жатыр

18.08.2018

Астанада түркі тіл білімінің өзекті мәселелері талқылануда

18.08.2018

Бүгін ауыл жасөспірімдерінің республикалық II жазғы спорт ойындары басталады

18.08.2018

Допинг дауынан кейін «Канело» ресми түрде қайта рингке оралды

18.08.2018

Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды (ВИДЕО)

18.08.2018

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық сайыс өтіп жатыр

18.08.2018

Қаламгер Сұлтан Қалиұлы дүниеден озды

18.08.2018

Бүгін Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

18.08.2018

Мыңнан аса астаналық веложарысқа қатысуда

18.08.2018

ҚМДБ еліміз қалалары бойынша айт намазының уақытын жариялады

18.08.2018

Демалыс күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады

17.08.2018

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

17.08.2018

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу