Аймақтар • 13 Қазан, 2017

Маңғыстауда «Үздік психолог-2017» байқауы өтті

3054 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында ағымдағы Ақтау қаласында «Үздік психолог-2017» облыстық байқауы өткізілді.

Маңғыстауда «Үздік психолог-2017» байқауы өтті

Байқауға аудан, қаладан 3 категория (І категория – 3 жылға дейінгі еңек өтілі бар психологтар, ІІ категория – 3-7 аралығында еңбек өтілі бар психологтар, ІІІ категория – 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар) бойынша 16 психолог қатысты.

Алдымен барлық категория бойынша байқауға қатысатын психологтардың «Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және мен», «Менің кәсіби ұстанымым» тақырыптарына жазған эссе жұмыстары сырттай қаралып, бағаланды.

3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар психологтар 3 кезең бойынша: «Өзін-өзі таныстыру», «Авторлық бағдарламаның тұсаукесері» және психологиялық тест тапсырмаларын орындаудан сынға түссе,  3-7 жыл еңбек өтілі бар психологтар өзіндерін таныстырудан, психологиядан элективті курс бағдарламасы немесе түзету-дамыту авторлық бағдарламасының тұсаукесерін жасаудан және психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешуден сайысты.7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар «Психолог портфолиосының тұсаукесерін» жасап, дамыту-түзету тапсырмаларын орындады, байқауға қатысушылар арасында шеберлік-сыныптар мен психологиялық тренингтер өткізді. Сондай-ақ, «Психологтың ғажайып әлемі» тақырыбында монолог оқыды.

Әр категория бойынша І орын жеңімпаздары ағымдағы жылғы 1-3 қараша күндері Алматы қаласында өтетін өтетін республикалық «Жылдың үздік психологы» байқауына қатысатын болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы

 

Соңғы жаңалықтар