13 Қазан, 2017

Жылжымайтын мүлік мәселелері сөз болды

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде 19-20 қазан күндері Астанада өткізілетін жылжымайтын мүлік мәселелері бо­йынша Ортаазиялық форумға арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.  

 

Жылжымайтын мүлік мәселелері сөз болды

Оған Астана қаласының Ин­вестициялар және даму министр­лігінің басқарма басшысы Әлі­шер Әбдіқадыров, Астана қала­сының сәулет және қала құры­лысы басқарма басшысы Бақ­ты­бай Тайталиев, «Астана Кон­веншн Бюро» ЖШС директоры Санияр Әйтекенов, сондай-ақ «Kazakhstan Networking Partners» компаниясының басшысы Асхат Исабеков қатысты.

«2017 жылғы 19-20 қазан күндері Астанада CREW (Com­mercial Real Estate Week) ком­мер­циялық жылжымайтын мүлік аптасы аясында Ортаазиялық «CRE Central Asia-2017» жылжы­майтын мүлік мәселелері жөнін­дегі форум өткізіледі. Оның жұ­мысына Қытай, Сингапур, Ұлыбритания, Канада және басқа да елдерден сараптаушылар келеді деп күтілуде. Аталған шара Астана әкімдігінің қолдауымен Тәуелсіздік сарайында өткізіліп, коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының дамуымен байланысты көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған. Форумның басты шарасы ретінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шақыруымен ке­летін Орталық Азия елдері мен ТМД елдерінің Алматы, Шымкент, Аш­хабад, Тбилиси, Ташкент, Бішкек секілді қалалар басшы­ла­рының кездесуі орын алады.

Сонымен қатар форум аясында салалық көрме өтеді. Бұл көрмеге қатысу үшін Қазақстанның аймақтарынан инфрақұрылымды сол жерлерде дамытып жатқан құры­лыс, жобалау және сәулет ком­паниялары, сондай-ақ халық­аралық өздерінің тәжірибесі мен серпінді жобалары бар, логистика және өнеркәсіптік жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар, жүзеге асыруға жататын қойма, өнеркәсіптік нысандары шақырылған.

Ұлттық және шетелдік бұқа­ралық ақпарат құралдарының қатысуымен форум әртүрлі номинациялар бойынша жылжымайтын мүлік саласындағы «Commercial Real Estate Awards-2017» жыл сайын­ғы кәсіби жүлдесін марапаттауымен аяқталады.

 

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар