Кәсіпқой бокс • 13 Қазан, 2017

Мигель Котто 2 желтоқсанда соңғы жекпе-жегін өткізеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан төрт салмақтағы әлем чемпионы пуэрторикалық Мигель Котто 2 желтоқсан күні Нью-Йорктегі танымал «Мэдисон-сквер-гарден» аренасында соңғы айқасын өткізеді.

Мигель Котто 2 желтоқсанда соңғы жекпе-жегін өткізеді

Котто АҚШ боксшысы Садам Әлиге (25-1, 14 КО) қарсы бірінші орта салмақта WBO белбеуін қорғайтын болады. Мигельдің қоржынында 41 жеңіс (33-і нокаутпен) және бес жеңіліс бар.

Мигель Котто бірінші жартылай орта салмақта, жартылай орта салмақта, бірінші орта және орта салмақта әлем чемпионы титулдарын иеленген және Демаркус Корли, Пол Малиньяджи, Заб Джуда, Шейн Мозли, Антонио Маргарито, Рикардо Майорга, Серхио Мартинес сияқты былғары қолғап шеберлерінің сағын сындырған.

«Кәсіби карьерамдағы соңғы жекпе-жегімді Garden аренасында өтізетініме қуаныштымын. Қазіргі деңгейіме жету үшін ұзақ жылдар бойы дайындалдым. Енді 2 желтоқсан күні жеңіске жету үшін аянып қалмаймын», деді Мигель Котто.