Президент • 16 Қазан, 2017

«ЭКСПО-әже» атанған Томийо Ямада Назарбаевқа хат жазды

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аяқталғаннан кейін де Елбасының атына жан-жақтан құттықтау хаттар келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

«ЭКСПО-әже» атанған Томийо Ямада Назарбаевқа хат жазды

Сондай хаттың бірін Жапонияның Аичи префектурасының тұрғыны, «ЭКСПО-әже» атанған Томийо Ямада жолдаған.

Хат иесі: «Мен 2005 жылы Аичи-ЭКСПО көрмесінде алғаш рет Қазақстан павильонын аралап көріп, Сіздің еліңіз жайлы көп нәрсеге қанықтым. Содан бері Қазақстанға келуді армандадым. 2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында өткен ЭКСПО көрмесінде де сіздердің ұлттық павильондарыңызда болдым»,  деп жазған.

Томийо Ямада биыл ЭКСПО-2017 көрмесінің елшісі атан­ғанын, Қазақ­станға келіп, көптен күткен арманы орын­далғанын баяндаған.

Осы орайда ол: «Көрмеге екі рет бар­дым. Қазақстанның ұлттық музейі мен қаладағы орталық саябақты, Тұңғыш Президент музейін аралап көрдім. Сіздің өз еліңізге деген қамқорлығыңызды сезі­не алдым», деп атап өткен.

Автор Астанадан және ЭКСПО-2017 көрмесінен жақсы әсер алға­н­ын ай­тып, ғылыми жаңалықтардың адам­зат­тың жарқын болашағы үшін пайда­ланылатынына сенім білдірген.

Хат соңында Томийо Ямада Нұрсұлтан Назарбаевқа көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтқан.

Соңғы жаңалықтар