Қазақстан • 16 Қазан, 2017

Н.Назарбаевтың биографиясы әзербайжан тіліне аударылды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуық арада Астана мен Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев. Биография» кітабының әзербайжан тіліндегі нұсқасы таныстырылмақ. 

Н.Назарбаевтың биографиясы әзербайжан тіліне аударылды

Аудару жұмыстарына кітаптың авторы – ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтың өзі жетекшілік етті. Кітапта президент Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі қиындықтар мен қызықты сәттерге толы өмірі туралы, оның Қазақстанға төнген қауіп-қатермен күресі жайлы жазылған. Мәтін Елбасының жеке мұрағатындағы құжаттармен және суреттермен толықтырылған.

Әзербайжан тіліндегі аудармаға алғы сөзді Әзербайжан Республикасы президентінің қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көмекшісі, сол елдегі Президент әкімшілігінде бөлім басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әли Гасанов жазды. Тағдыры ортақ екі мемлекеттің достық қарым-қатынасын ерекше атап өткен Гасанов екі ұлттың өміріндегі көшбасшылардың рөліне тоқталған.

Гасановтың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты саясатының жемісі ретінде Қазақстандағы тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы татулықты атап өтуге болады. Қазақстанда азаматтық бейбітшілік пен жалпыхалықтық ізеттілік жағдайында 130 астам халықтың өкілі бірге өмір сүріп келеді. Солардың қатарында әзербайжан халқы да бар.

Кітапты орыс тілінен аударған – Әзербайжан жоғарғы медиапремиясының және Халықаралық Түркі Академиясының Исмаил Гаспринский атындағы медиапремиясының лауреаты, журналист-публицист Аида Эйвазова. Консультанттар – Халықаралық Түркі академиясының президенті, профессор Дархан Қыдырәлі және философия докторы, Милли Меджилис депутаты Джаваншир Фейзиев. Редактор – Вели Акперов.