Қазақстан • 17 Қазан, 2017

Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында үздік сержанттар анықталды

610 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында Қарулы Күштердің үздік сержанты атағы үшін VІІІ Бүкілармиялық байқауы қорытындыланды. 

Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында үздік сержанттар анықталды

Байқауға Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылық әскерлері, бас басқармалар мен әскери оқу орындары ауқымында өткізілген байқаулардың жеңімпаз сержанттары (старшиналары) тартылды.

Бұдан бұрын өткізілген байқаулар­дан бұл шараның басты ерекшелігі Бүкіларамиялық байқау тарихында алғаш рет өзге мемлекеттік ведомст­во­лардың өкілдері қатысты. Сонымен Мемлекеттік күзет қызметінің намысын 6 сержант қорғап, ал Ұлттық ұлан­ның абройын 4 бақылаушы асқақтатты.

Жалпы, байқауға еліміздің түкпір-түкіпірінен 16 командадан құралған 75 сержант қатысып, алты аталым бойынша үздіктер анықталды. Атап айтқанда, олар:«Қарулы Күштер түрі мен әскер тегінің, өңірлік қолбас­шылықтың «үздік сержанты», «үздік бригада сержанты», «үздік батальон сержанты», «үздік рота сержан­ты», «үздік взвод сержанты» және «үздік бөлімше сержанты» (танк, жауын­герлік машина, есептоп, қондырғы).

Шараға бас штабтың тағайындаған арнайы комиссиясы төрелік жасап, әділетті шешімдер қабылданды. Соның нәтижесінде, «Үздік өңірлік қолбасшылық сержанты» аталымында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты штаб-сержант Ғалымжан Тәукебаев жеңіс тұғырынан көрінсе, «Үздік бригада сержанты» 14776 әскери бөлімінің сержанты 2-сыныпты сержант Жанат Бешалин, «Үздік батальон (дивизион) сержанты» 35748 әскери бөлімінің 3-сыныпты сержанты Мақсат Жақсыбек, «Үздік рота сержанты» атағын 75488 әскери бөлімі ротасының аға сержанты Самат Абайұлы, «Үздік взвод сержанты» атағын 41433 әскери бөлімінің взвод сержанты Ермек Зайлаги және «Үздік бөлімше командирі» атағын 44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Арнат Нәметов иемденді.

Ал командалық есепте бірінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбас­шы­лығының сержанттары, екінші орынды «Шығыс» өңірлік қол­бас­шы­лығының сержанттары және үшінші орынды Десанттық-шабуылдау әскер­лерінің сержанттары еншіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың жыл сайын дәс­­түр­лі түрде өткізілуі сержанттар құра­­­мы­ның кәсіби шеберлігін арттыруға ын­та­ландырып, сарбаздардың жауын­­герлік рухын оятады. Сон­дай-ақ өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінде сержанттар құра­мы­ның дайындық деңгейін бағалауға мүм­кіндік береді.

«Егемен-ақпарат»