Қазақстан • 17 Қазан, 2017

Биыл елімізде жол-көлік оқиғасы 8,4%-ға азайды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10 587, яғни 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға аз жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Биыл елімізде жол-көлік оқиғасы 8,4%-ға азайды

Қазақстанда есепті кезеңде жол апатынан 15 140 адам зардап шеккен.

Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі есепке сәйкес, Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары жалпы сомасы 15,7 млрд теңге болатын 46 485 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.