Қазақстан • 18 Қазан, 2017

Тед Этчисон: Біздің жетістіктеріміз – бірлік пен ынтымақтың нәтижесі

605 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Ел аумағында экономикамыздың өркендеуіне, мемлекет қазына­сының толуына, әлеуметтік ахуалдың артуына ауыз толты­рып айтарлықтай үлес қосып жүрген бірлескен компаниялар бар­шы­лық. Бұл – бейбітсүйгіш, дамуға қарқынды бет алған мемле­кетіміздің жаһандық аренадағы салмақты, сарабдал саясатының жемісі. Мәселен, АҚШ сынды алпауыт елмен уағдаластық нәтижесінде құрылған «Теңізшевройл» ЖШС іргелі істердің басы-қасынан табылады. Компанияның бас директоры Тед Этчисонмен әңгіме барысында осы сөзімізге әбден көз жеткіздік. 

Тед Этчисон: Біздің жетістіктеріміз – бірлік пен ынтымақтың нәтижесі

– «Теңізшевройл» ЖШС отан­дық кәсіпкерліктің ілгері­леуіне қалай ықпал етуде? Жер­гі­­лікті қам­ту тұрғысынан тап­сы­­­рыстар көле­мі бүгінде қай деңгей­де? Бас­тыр­малата сауал­дың асты­на ал­ғаны­мызға ғафу етіңіз, жер­гі­­лікті кәсіп­­орын­дарға беретін тап­сы­рыс­­тардың көлемі өткен жыл­­дар­­мен салыстырғанда қанша­лықты арт­қанын немесе кемігенін де айта кетсеңіз.

– Сұрақтарыңыз өте орынды. Ал­ды­мен «Теңізшевройлдың» қазақ­­стандық қамтуды дамы­ту стра­те­гиясының басты аспек­тісін ай­та­йын. Ол мұнай-газ ин­дус­трия­сы­мен ынтымақ­тас­тық үшін өздері жауап беру­ге тиіс халықаралық сапа мен стан­дарттарды түсіну мақса­тын­да қазіргі және ықтимал жаб­ды­қтаушылармен жұмыс жасау болып табылады. Жоғары халық­аралық стандарттарға жауап беретін қазақстандық тауарлар және қызметтер нарығын ұда­йы дамыту – компанияның үз­дік­сіз даму стратегиясының ірге­тасы және бұл Қазақстан үшін маңызды құнды­лықтарды туғызады. 

Компания қазақстандық қамту бойынша міндеттерін орын­­дау үшін тауарлар және қыз­мет­тер жаб­дық­таушылары­на ұзақ мер­зімді мүмкін­дік­тер беруге тиіс. Сол себепті ТШО инф­ра­құры­лымға, қазақ­стандық кадр­­ларды оқыту және жұмыс орын­дарын ашу­ға қажетті инвести­ция­ны тар­ту арқылы қазақстандық жа­б­дық­тау­шыларды тұрақты да­мы­туды қолдауын жалғастыра бермек. 

«Теңізшевройл» ел компания­ларының дамуына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта жаб­дық­таушыларды жетілдіру бағдар­ламасы жасақталған. Біз­дің маман­дарымыз бен сарап­шыларымыз компания­ларға барып, олардың мүмкіндіктері­мен және әлеуеттерімен танысып, білік­тіліктерін тексеру кезінде кемші­ліктердің орнын тол­тыру үшін осы бағдарламаға жүгі­неді. Бұған қоса ТШО-ның барлық жабдықтаушылары сапаны басқару, адам ресурстарын же­тіл­­діру және қауіпсіздік техни­касы негізінде әлемдік дең­гей­дегі процестермен және процедуралармен таныс­тыры­лады. Бұл олардың қызмет сапа­сын арттырумен қатар, оларды тек Қазақ­станда ғана емес, дүние жүзі бо­йын­ша бәсекеге қабілетті ұйымдар қатарына қосады. 

Биылғы бірінші жарты­жыл­дықта ғана компания қазақ­стандық тауар­лар мен қыз­мет­терді пайдалануға 1 мил­лиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 384 миллион доллары ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында орнын тапты. Былтыр бұл көр­сет­кіш 1,9 миллиард АҚШ дол­ларын құрап еді. 1993 жылдан бастап ТШО қазақ­стандық ком­пания­лардың 22,9 миллиард АҚШ дол­ларын құрайтын тауар­лары мен қызметтерін пайдаланды.

– Өте керемет көрсеткіштер екен. Ал кәсіпкерлікті дамы­туға байланысты оқу-ағарту­шы­­лық немесе даярлық секілді бағдар­ламалар қарастырылған ба?

– «Теңізшевройл» қазіргі уа­қытта Еуропа қайту құру және даму банкінің «Шағын бизнеске берілетін кеңес» деп аталатын Қазақстандағы бизнесті дамыту бағдарламасын қолдайды. «Бұл бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өсуге, дамуға және жергілікті жер мен аймақтың экономикасына үлес қосуларына көмектеседі. 

– ТШО – Қазақстандағы ірі бірлескен компаниялардың бірі. Еліміздегі әлеуметтік, руха­ни бағдарламалардың оры­ндалуы­на қосып жатқан үлесі қандай?

– Компаниямыз өзі құрылған күнінен бастап қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игі­лігі үшін Атырау облысының әртүр­лі әлеуметтік жобаларына 1,3 мил­лиард АҚШ долларынан ас­там қаржы жұмсады. «Игілік» ері­кті әлеуметтік инфрақұрылым бағ­­дар­ламасының биылғы бюд­жеті 25 миллион долларды құра­ды. Атал­мыш қаржының негіз­гі үлесі өңір­дегі балабақ­шалар, мек­тептер және басқа да әлеу­мет­тік нысандардың құрылы­сына салынуда. Былтырдан бері 7 бала­б­ақшаны, 3 мектепті, 3 мәде­ниет үйін, 3 дене шынықтыру-сауық­тан­дыру кешенін және облыс орта­лы­ғындағы ретро-саябақты пай­да­­лануға бердік.

Жоғарыдағы бағдарламаның жүзеге асырылуы барысында 250 мил­лион АҚШ долларына жуық сома игеріліп, 130 жоба жүзеге асы­рыл­ған екен. Нәтижесінде дәрі­гер­лер, мұ­ға­лімдер және техни­калық қыз­мет­­кер­лер үшін мың­нан астам жаңа жұмыс орын­дары ашылғанын айта кетейін. 

Жылдық бюджеті 1 миллион дол­ларды құрайтын Әлеуметтік ин­вес­ти­ция бағдарламасы – ТШО-ның ай­м­ақтың әлеуметтік сала­сын дамы­ту­ға арнаған тағы бір жар­қын бас­та­­масы. Соңғы кездері жүр­гізіл­ген ұйым­дастыру шешім­дері­нің нә­ти­жесінде ком­па­ния әлгі бағ­дарла­ма­ны өн­ді­ріс пен жұртшы­лық­тың қа­жет­­тіліктері мен мақсаттарына сай жетілдірді. 

Жеті жыл бұрын жасалған бағ­дар­лама аясында өткен жылға де­йін 50 жоба жүзеге асырылды. Оның 6-уы 2016 жылға тиесілі. Ал биыл бюд­жеті 1,2 млн долларды құра­ған бағ­дарлама шеңберінде 7 жоба қол­ға алынған. Жыл ба­сын­да Атырау облы­сының ден­сау­лық сақтау және білім беру салаларына қолдау көрсету мақ­сатында ТШО Әлеуметтік ин­вес­тициялар бағдарламасына 1 мил­лион доллар шамасында қар­жы бөлген еді. Бағдарлама іске қосыл­ған уақыттан бері оған құйыл­­ған инвестиция құны 6 мил­­лион доллардан асып түседі. Сөз ара­сында айта кетейін, біздің жетіс­­тік­теріміз бірлік пен ынты­мақ­тың нәтижесінде жүзеге асып жатыр.

– Компанияның дәл қазіргі кезде жергілікті мамандарды жұмыспен қамту көрсеткіші қандай? Олардың әлеуметтік және медициналық қорғалуы туралы да білгіміз келеді.

– «Теңізшевройлда» жұмыс істейтін қазақстандық қызмет­керлердің үлесі 1993 жылы 50 па­йыз болса, бұл көрсеткіш қазір­гі таңда 84 пайызға жетті. Біз­­дегі жергілікті ұлттық басшы­лардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 70 пайызын құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жер­­гілікті қызметкерлер қа­тары көбейе түсуде. ТШО өз қыз­меткерлеріне әлеуметтік бағ­дар­ламалар мен медициналық сақ­тандыру секілді жеңілдіктер мен бастамалардың кеңейтілген пакетін ұсынатынын да айта кетсем, айып болмас. 

– Өте дұрыс екен. Әңгімеміздің соңында компанияның алдағы жоспарларымен бөліссеңіз. 

– 2016 жылы ТШО серіктес­тері теңіз мұнай-кен орнының өндірістік қуаттылығын артты­рудың келесі кезеңі болып табы­латын Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыру жөніндегі ақырғы шешімнің қабылданғаны туралы жария­лады. ККЖ-ҰЕҚБЖ нысан­дары­ның құрылысы барынша тиім­ділікті арттырып, қаражатты үнем­деу мақсатында бір уақытта орын­далып жатыр.  Өндірістік қуат­ты арттыру мақсатында табыс­ты түрде жүзеге асырылған ТШО-ның алдыңғы ЕБЗ/ШГА жоба­сы тәжірибесін негізге ала оты­рып, ККЖ өндіріс қуатын жы­лы­­на ша­м­а­мен 12 миллион тон­на неме­се тәу­лігіне 260 мың баррель­ге арт­­­тыр­­ды. Осылайша, мұ­най өн­дірісі­нің жылдық көлемін шама­мен 39 мил­лион тоннаға немесе тәулі­гі­не 850 мың баррельге жеткізу көзделеді. 

ҰЕҚБЖ атқылайтын ұңғы­лар­­­дың ернеулік қысымын төмен­­­детіп, қолданыстағы алты кешен­­ді технологиялық желінің кіре­бе­­рі­сін­дегі қысымды арттыру арқылы Теңіз кен орнында жұ­мыс жасай­тын зауыттардың толық қуатпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

Қазіргі таңда ел аумағындағы жоба аясында 20 мыңнан астам қазақ­­стан­дық азамат еңбек етеді, бұл Қазақ­стандағы жоба қыз­мет­керлері жалпы санының 92 пайызын құрайды.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»