Ұялы байланыс: ұтқан кім, ұтылған кім?

Бүгінде ұялы телефонды пайдалан­байтын адам кемде-кем. Олай болса осынау ертелі-кеш қолымыздан тастамай «рахатын» көріп жүрген игілік үшін кімдерге қанша ақша санап береді екенбіз?

 

Егемен Қазақстан
19.10.2017 102

Сөйтсек, қазақстандықтар ұялы теле­фонға, SMS пен интернетке бұрын­ғыға қарағанда көбірек төлейтін болыпты. Бұл туралы ұялы байланыстың 1200 або­нентінің арасында сауалдама жүргізген 4Service Group компаниясы хабарлап отыр.

Зерттеулер нәтижесінде шығындары 1000-нан 2000-ға дейін және 2000-нан 3000-ға дейінгі аралықты құрайтындар үлесі тиісінше 7 және 5 пайызға артқаны анықталған. Үлестің қайта бөлініске түсуі шығындары 1000 теңгеден аспай­тындардың есебінен орын алған, ал ол оператор қызметі құнының өскендігімен түсіндірілетін көрінеді.

Ұялы байланыс рыногындағы клиенттік «ядро» байланыстың осы түрі үшін айына 1000 теңгеден 2000 теңгеге дейін жұмсайды екен. Tele2-де мұндай пайдаланушылар үлесі ең көп болып шыққан, яғни 69 пайыз. Ал Altel, Activ және Beeline-да абоненттердің 47-52 пайызы шамамен 1000-2000 теңге шығын шығарады. Абоненттерінің 55 пайызының шығындары айына 2000 теңгеден асатын Kcell ең «қымбат» оператор болып табылады екен. 

Ай сайын 6 ГБ-дан астам интернет-трафик қолданатын абоненттердің үлесі 1 ГБ-дан аз интернет-трафик қолда­на­тындардың үлесін 8 пайызға қысқар­та отырып 5 пайызға өсіп шық­қан. Осылайша бүгінгі күні Altel клиент­терінің 52 пайызы 6 ГБ-дан астам ұялы мәліметтерді қолданатын болса, Tele2 мен Activ-те бұл көрсеткіш тиісінше 41 және 33 пайызды құрайды екен. 

Бүгінгі күні операторлардың бар­лығы дерлік сұранысқа ие 1000-2000 теңгелік баға диапазонында неғұрлым көбірек тарифтер жасауға тырысады, деп атап көрсетілген зерттеуде. Altel «Expert» тарифтік тұрғыда күн және түн деп бөлместен барынша үлкен қызмет көлемін көрсетіп келеді. Бірақ қызметтің ең қымбат түрі де осы болып табылады. 

Сауалдама көрсеткендей, құны шамамен 1200 теңге тұратын Tele2-нің ұсынатын тарифтік жоспары мейілінше үнемді және тиімді болып есептеледі екен. Мәселен, «ПРОСТО Старт» тарифтік жоспарының бағасы айына 1190 теңге ғана. Сонымен бірге оған 600 SMS қосылған, бұл өзгелермен салыстарғанда саны жағынан ең көбі болып саналады.

Ал трафиктің базалық көлемі 5 ГБ болса, өзге операторларға қоңырау шалу лимиті айына 80 минут болып отыр. 400 МБ интернет-трафик үшін күніне 27 теңге белгілеу арқылы Tele2 жылдық пакеттің ең төменгі бағасын ұсынуда. 1 МБ үшін Activ, Kcell (0,06 теңге/МБ) және Tele2 (0,07 теңге/МБ) ең төменгі баға ұсынса, Beeline (0,11 теңге/МБ) операторы ең жоғары бағаны ұсынып отыр.

Жыл ішінде ұялы байланыстың бұл сияқты абоненттерінің саны тағы да 4 пайызға артқан. Бұл тұрғыда «симкасын» 5 жылдан астам уақыттан бері өзгертпей келе жатқан Kcell көш бастаушы болып табылады. 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда оның клиенттерінің «ядросы» 16 пайызға көбейген. 

Ал, Activ операторында бүгінде мұн­дай клиенттер 80 пайызды құрайды, Beeline-да 75 пайыз. Tele2 абоненттерінің негіз­гі бөлігі байланыс операторының қы­з­метін 1 жылдан 3 жылға дейінгі ара­лықта ғана пайдаланады, бұл 2016 жыл­дың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға төмен. 

Сондай-ақ зерттеу нәтижелері барлық операторлардың 75 пайыздан астам клиенттерінің «көнбіс» (оператор ауыстыруды ойластырмаған) екенін көр­сеткен. Дауыстың естілуі мен мобиль­ді интернет сапасының төмендігі, қызмет бағасының жоғарылығы, қызмет көрсету сапасы және басқа себептер абоненттердің бәсекелес респонденттерге ауысуына басты себепкер болып отыр.

Сөз соңында еліміздің ұялы байла­ныс рыногында бәсекелестіктің әлі де көңілдегідей емес екенін айта кету қажет. Жоғарыда келтірілген цифрлардан аңғар­ға­нымыздай, операторлар арасын­дағы баға айырмасы соншалықты үлкен емес, шамамен алғанда ол 200 теңге деңгейінде ғана. Клиенттердің оператор ауыстыруға асықпауының бір сыры да осында жатса керек.

Біздің білуімізше, өркениетті елдерде ұялы телефонмен кәдімгі АТС-қа жалғанған телефонға қоңырау шала беруге болады, яғни тариф оған мүмкіндік береді. Ал, бізде ұялы телефоныңмен үйіңдегі телефонға қоңырау соғып 5-10 минут сөйлессең балансыңдағы ақшадан жұрдай боласың. Сондықтан Қазақстанда ұялы телефонмен тек екінші ұялы телефонға ғана батыл түрде қоңырау шала аласың. Оның өзінде де операторлардың ортақ болғаны тиімді. Өйтпеген күнде артық шығын шығаратыныңа еш күмән жоқ. 

Баршамыз да «қызығы» мен «шыжы­ғына» тоймай жүрген ұялы байланыс қызметіне қатысты кейбір керек деректер міне, осындай. 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

17.11.2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу