Қазақстан • 19 Қазан, 2017

Қазақстанның әлеуметтік саласы туралы

2713 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Еліміздің дамуына әлеу­мет­тік сала бойынша жүргізіліп жат­­қан жұмыстар мен қолға алынып отырған жобалардың да қосатын үлесі бар. Халық­тың жағ­дайын жақсарту мақ­сатынан бөлек, қоғамда өмір сүріп жатқан мүмкіндігі шек­теулі жандарға қолдау көр­се­ту, олардың қоғамнан өз орнын табуына ықпал ету де ма­ңызды іс. 

Қазақстанның әлеуметтік саласы туралы

Сонымен қатар адамдар арасындағы қиын жағ­дайдың алдын алу да мақсатты дүние. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­станның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Ада­ми капитал сапасын жақ­сар­ту» туралы төртінші басым­дығында да осы мәселені атап көрсеткен болатын. Со­ны­мен қатар Елбасының Жол­дау­дың басымдықтарына орай жергілікті билікке нақты жұмыс­тарды қолға алуды тапсырған тапсырмасы да бар. Бүгінгі таңда Жамбыл об­лысында Жолдау аясында әлеуметтік сала бойынша ат­қарылып отырған жұмыстар баршылық. 

Жамбыл облыстық жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қар­масына қарасты басқа адам­ның көмегін аса қажет ететін жалғызбасты мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көр­­сететін 9 медициналық-әлеу­­меттік мекеме бар. Оның ішін­дегі 3 мекеме қарттар мен мүгедектерге арналған ар­нау­­лы әлеуметтік қызметтер ұсы­ну орталықтары болса, 1 мекеме жүйке аурулары интернат үйі және тағы 1 мекеме ақыл-есі кем балаларға ар­налған арнаулы әлеуметтік қыз­меттер ұсыну орталығы. Басқарма басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев атал­ған медициналық-әлеумет­тік мекемелерде 1097 адам­ толықтай мемлекет қамқор­лығына алынғанын айтып отыр. «Мүгедектерді оңал­ту­­ және мүгедек балаларды­ оңал­тып, бейімдейтін 4 орта­лық жұмыс істейді. Орталық­тарда бір мезгілде 180 мүгедек, оның ішінде 120 мүгедек бала бейімдеу мен оңалтудан өте алады. Атқарылған қызметтердің нәтижесінде осы уақытқа де­йін 29 қызмет алушының денсау­лығы жақсарып, әлеуметтік жағдайы оңалып, қоғамға бе­йімделіп, отбасына, яғни үйі­не қай­тарылды», дейді ол. 

Елбасы айтқан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке мүмкін­дігі шектеулі жандар да үлесін қосып келеді. Мәселен, өңірде тұр­ғындарды әлеуметтік еңбекпен қамту мақсатында қарт­тар мен мүгедектерге ар­нал­ған интернат-үйлерінде қарттар үшін арнайы шеберханалар ашылған. Мұнда олар ағаштан бұйым жасау, тоқыма өнері, сурет салу, ұршық иі­ру, жүн түту, бау-бақша, шаруа­шылық және асхана жұмыс­тары қызметімен айналысады. Мысалы, №2 арнаулы әлеу­­­меттік қызметтер ұсыну орта­лы­ғының мемлекет­тік қамқорлығындағы зейнеткер Анатолий Лесновтың бас­шылығымен 7 адамнан құ­рал­­ған топ ағаштан әртүрлі бұ­йымдар жасап, көрмелер ұйым­­дастырып келеді. Олар ұлт­ты­ң төл өнерін насихаттау­да айтарлықтай жұмыстар ат­қарып қана қоймай, қоғамда да оң пікірдің қалыптасуына ық­пал етіп отыр. 

Өңірде әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру мақсатында Жам­был ауданы, Аса ауылында 30 орындық, Шу ауданы Төле би ауылында және Қордай ауданы Қордай ауылында 25 орындық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орта­лықтары ашылып, бүгінде тиісті деңгейде жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ мем­лекет­тік әлеуметтік тапсырыс­ аясында Т.Рысқұлов ауда­нын­да 20 орындық мүгедек ба­лаларға арналған сыйым­дылығы шағын үй және 10 орын­дық жалғызбасты қарт­тар­ға арналған күндізгі бөлім­ше ашылса, биылғы жылы Мер­­кі ауданында да 25 орын­дық орталық ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл­ нысандардың барлығы да мүм­кіндігі шектеулі қо­ғам мү­шелерін толықтай қам­тып, олар­дың туындаған мәселелерін шешіп бере алады. 

Сонымен қатар еліміздегі мем­лекет-жекеменшік әріп­тесті­гі аясында Сарысу ауданында 25 орындық мүгедек ба­лаларды оңалту және бейім­деу орталығын ашу жұмыс­тары жүргізілуде. Ал Тараз қаласында 25 орындық қиын өмірлік жағдайға түскен әйел­дер­ге арналған дағдарыс орта­лығы 2014 жылы қазан айында ашылған еді. Нәтижесінде 77 адам арнаулы әлеуметтік қыз­меттермен қамтылған. Ағым­дағы жылы осындай орталық Шу ауданы Төле би ауылында ашылатын болады. 

Жалпы, жыл сайын елімізде «Қазақ­­станда жүргізілетін үз­дік әлеуметтік жобалар» рес­­­пуб­ликалық байқауы ұйым­дас­­тырылып келе жатқаны бел­гілі. Бұл жерде де талай мүм­кіндігі шектеулі жандар үздік деп танылып, қоғамда өз орнын қалыптастыруға мүм­­­кіндік алды. Мәселен, 2014 жылы Жамбыл облысынан үздік әлеуметтік жобалар же­ңімпазы ретінде Анжелика Сарьян танылған еді. Ол 2011 жы­лы «Амазонка» қатерлі ісік нау­қастарын қолдау» қоғамдық қорын құрған болатын. 12 адамды жұмыспен қамтыған қор облыс тұрғындарына он­ко­логиялық ауру түрлері бойын­ша ақпарат береді. Сондай-ақ тегін дәрігерлік тек­с­еруден өткізіп, қатерлі ісікке шалдыққан нау­қастар мен олардың отбасы­ларына­ пси­хологиялық қолдау көрсе­теді. Атап айтсақ, мекеме­ ди­рек­­торы аталған дерт тү­рі­­мен күресіп келген еді. Қуа­нышқа қарай, өмірге деген құш­тарлығының арқасында дерттен айығып, ақыры қайы­рымдылықпен айналысуға бел буады.

Ең бастысы, еңбек нә­тижелі болып, аталған орта­лық дертіне шипа іздеген жан­дарға лайықты көмек көрсетті. Аталған жоба бойынша 2015 жылы 15 жастағы сал ауруы­на шалдыққан тараздық Исаак Мустопуло үздік деп та­­­ныл­­­ған. Астрофизикаға қы­­­зы­ға­тын баланың арманы­ көп. Отандық ғылымға үлес қосуды армандаған жет­кін­шектің қабілетіне Кэм­бридж уни­верситетінің мате­ма­тигі Стивен Хокингтің өзі қызы­ғушылық танытқан екен. Исаак болашақта мүмкіндігі шектеулі балаларға білім бе­руді армандайды.

Әлеуметтік салаға соны сер­­­пін беретін де осындай­ жо­­балар. Ал еліміздегі түрлі бағдарламалардың да бұл тұрғыда тигізіп отырған әсері көп. Алдағы уақыттарда да Әулиеатада әлеуметтік саланың серпін ала түсетініне сенім бар. 

 

 Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»

 Жамбыл облысы