Әлем • 19 Қазан, 2017

Парижде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде «Жаһан­дық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәде­ниет» жобасын таныс­тыру аясында «Қоғам­дық сананы жаңғырту: Нұрсұлтан Назарбаев моделі» атты халықаралық-тәжірибелік кон­ференция өтті. 

Парижде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды

Жиын сессиялары бірнеше негізгі тақырыптар бойынша бөлінді. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Қа­зақ­стан Республикасы Прези­денті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева таныстырды.   

«Санды технологиялардың қар­қынды дамуы және олар­дың барлық дерлік салаға енуі нәтижесінде әлеуметтік-эко­номикалық қатынастардың жаңа парадигмасы туындады. Мазмұндық жағына өтпес бұ­рын осы бастамаға түрткі болған тарихи логикасына тоқ­талайын. Тәуелсіздіктің ширек ғасыры аралығында біздің еліміз нарықтық экономикалы демократиялық мемлекетке айналуы жолында батыл ре­фор­малар жасады. Өтпелі кезең­нің қиындықтарын еңсер­ген Қазақстан қарқынын бәсең­деткен жоқ.

2012 жылы Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды озық 30 елдің қа­тарына кіргізуді мақсат ете­тін дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын ұсынды. Бұл мақсатты орындаудың негізгі механизмі – адами ка­пи­тал болатын. Әлем бір орында тұрмайды, біз ғаламат өзгеріс­тер куәсі болдық. Өмір салты мен ойлау дағдысын өзгер­туге болмас, алайда білім беру және нақты іс-әрекеттер арқы­лы қалыптастыруға болады. Елбасымыз мұны жалпы­ұлттық жобалар жүйесі ар­қылы іске асыруды ұсын­ды. Бұл жобалардың әрқай­сысы жаңғырту ортасын қалып­тастырып, қоғамды осы ортаға тартады. Осы мақсатта 6 жал­пыұлттық жобалар ұсынылған болатын», деген Аида Балаева әрбір жобаға тоқталып, олар­дың іске асырылу барысы жайлы толыққанды мағлұмат берді.

«Егемен-ақпарат»