Өз тойында қобыз тартқан келін

Күн сайын еліктің лағындай аса сүй­кімді бүлдіршін Алматыдағы А.Жұ­банов атындағы рес­публикалық дарынды балаларға арналған ма­мандандырылған музыка мектебіне өзімен бірдей қобы­зын көтеріп бара жа­татын. Ол кезде қо­быз арқалап жүрген кіш­кентай қыздың күн­дердің күнінде ғажап сазымен сай-сүйегіңді сырқыратар сахна саң­лағына айналатынына шүбәсіз сен­гендер санау­лы еді. 

Егемен Қазақстан
19.10.2017 2544
2

Қобызшы Ақерке Тәжі­баева бұл күнде санасаң қос қолыңның саусағы жетпейтін ең ірі байқаулардың бас жүл­десін жеңіп алды. Киелі өнердің бел баласы төрткүл дүниенің әр түкпірінде Қазақ­стан деген елдің атынан өнер көрсетті. Таланттарға кенде болып көрмеген мына даланы – қазақ аруларының дарыны мен дидарын күллі әлемге таныстырумен келеді. Әлемнің әр түкпірінде, елдің ішінде Ақерке өнер көрсеткен концерттердің тізімін шолып шығудың өзіне төзім керек. Ал бұл сахна адамы үшін бітпейтін бір дайындық, ұзақ-ұзақ сапарлар, талғамы түрлі, ұлты сан алуан жаңа тыңдармандар.

Ендеше сөзіміз құр­ғақ болмасын, ол XXV респуб­ликалық жас орындаушылар конкурсы, Құрманғазы атындағы VII халық аспаптарында орындаушылар конкурсы, Тәттімбет Қазанғапұлы атын­дағы II республикалық ха­лық аспаптарында орын­дау­шылар конкурсы, рес­пуб­ликалық «Асыл мұра» дәс­­түрлі күй орындаушылар байқауы, Ықылас атын­дағы І республикалық қобыз­шы­лар конкурстарының лау­реа­ты, халықаралық «Dede Korkut» фестивалі, ТМД мем­лекет­терінің арасындағы жас­тар арасындағы ІІ «Дель­фий ойындары», «Altin Saf­ran», «Uluslararasi Sivas asik­lar», «14. Uluslararasi, Altin saz odulu Karacaoglan asik­lar» фестивальдарының жеңім­пазы. 

Ару қобызшы Венгрия, Молдова, Гер­мания, Аустрия, Франция, Үндістан, Литва, Қытай, Оңтүстік Корея, Тәжік­стан, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Жапония, Иор­дания хаши­миттік корольдігінде, Араб әмірлігінде, Испания корольдігінде, Ита­лия, Швей­цария, Мексика және Түркия мемле­кеттерінде зал толы халықтың риясыз қошеметіне бөленді. 

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық кон­сервато­риясын қызыл дипломмен бітір­ген өнертану магистрі осы оқу ордасында бірнеше жыл дәріс берді. Қазір Ас­танадағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйы­мының солисі. Сонымен қатар респуб­ликалық және қалалық көлемдегі ұйым­дас­тырылатын іс-шаралардан қалмайды.

Сонау 1992 жылы «Әнші балапан» бай­қауының, келері жылы «Утренняя звезда» конкурсының бірінші орнын жеңіп алған Ақерке бірнеше жыл «Хабар» телеарнасында «Ақерке» бағдарламасын жүргізгенін ұмытпайтындар бар. Бертін келе «Балапан» телеарнасында «Ән салайық» бағдарламасын жүргізді.

Ақерке қазақ радиосы мен көптеген телеарналардан да өз өнерін халыққа танытып келеді. 2008 жылы «Көктем» атты аспапты үнтаспасы жа­рыққа шықты. «Бабалардан қалған мұра – қыл қобыз» атты жобасымен Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Пре­зи­денті Қорының грантын иеленіп, 2009 жылы қобызшы Жаппас Қаламбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік қобыз сарыны» атты шығармашылық кешін өткізді. 2011 жылы Түркістан қаласында жеке концертін берді. 2013 жылы Алма­тыда «Төгіліп сарын қобыз­дан...» жеке кешін, 2015 жылы «Аралап қобыз үні кең әлемді...» атты жеке кон­цертін өткізді.

Қысқасы, бәрін айт та бірін айт, өнер адамының өмірде де жолы болғанын айт. Өнер қуған қо­быз­шы өткен жылы теңін тауып, Ақтөбе өңіріне келін болып түсті. Ақ­ер­кенің ұзатылу тойында өнер көрсетпеген әнші жоқ. Билемеген адам кемд­е-кем. 

Ең қы­зығы, ке­лін бо­лып ақ ора­мал салып, қайын жұр­тына иіле барған Ақерке Ақтөбеде өткен үлкен тойында өнер көрсетті. Жаңа түсіп тұрған келін жүз жерден талантты, танымал болса да қобыз тартамын деме­гені анық. Алайда хас өнердің құдіретін баға­лайтын көпшілік келіндерінің өнерлі еке­нін біледі ғой. 

Бұл жерде қобызшының жігіттің талай сұлтанының ішінен таңдаған қосағы тосынсый жасаған. Әйтпесе «сценарийде» келін қобыз тартады деген болмаған ғой. Той тарқауға жақындағанда күйеу жігіт жиналған көппен қиылып, Ақеркеден өнер көрсетуді сұ­райды.

– Қо­бы­зым үй­де қал­ды. Қа­лай өнер көрсе­темін? – деп қысылған ке­лінге Есен­­жол шы­мыл­дықтың ар­тында жасырулы тұрған, өзіне дейін ширек ғасыр сы­ңары бол­ған қобызын көр­сетеді. Сөйтсе ол тойға шы­ғарда Ақеркеден тығып, қобы­зын алғыз­ған екен. 

Осылайша жаңа түс­кен келін қобыздың мәң­гілік мұңды сарынымен елді ұйытып, жас-кәріні тебі­рентіп, бір ғажап концерт­ке келтіргендей болады. Келіннің өнерінен хабарсыз қайынжұрты тойда айран-асыр болып, тәнті болғанын, таңданғандарын да жасырмайды. Ал енесі «қайда жүр­сең де қазақтың өнерін таныта бер, асқақтата бер! Өне­рің өрлей берсін» деп дүйім жұр­тың алдында батасын береді. 

– Тұрмысқа шыққан соң да жолдасым өнеріме қарсы болмай, қобызыммен әрі қарай ел аралап, дәстүрлі музыканы насиxаттауыма рұқсатын берді. Есен­жол – «Болашақ» сти­­педиясына ілігіп, Ұлы­бри­­танияда жоғары білім ал­ған заңгер. Сонымен тойдан кейін де өз еліміздегі кон­церт­терден де қалмай, Оң­түс­тік Корея, Мексика, Ис­па­­­ния мен Италияға сапар шек­тім. Мексикада бол­ған ал­ғашқы дәстүрлі музы­­кант ретінде еліміздің Тәу­ел­­сіз­дік күніне арналған бір­­неше концертте, Сеулде өт­кен xалықаралық «Turkic culture» (Түркі мәдениеті) фес­тивалінде Қазақстан атынан өнер көрсеттім. Биыл нау­рыз айында Елбасының Әйел­дер мерекесіне орай ұйым­­дас­тырылған қабыл­дауын­да болып, арнайы сыймен марапаттал­дым. ЭКСПО xа­лық­­ара­лық көр­месінің аясында өткен бір­неше концертке қатыс­тым, – дей­ді енді қобыз арқалаған келін.

 

 

Құралай Шыңғысқызы

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Атырауда депутаттар Н. Назарбаев даңғылының қолдап дауыс берді

21.03.2019

ШҚО-ның 10 000 тұрғыны Елбасына қолдау білдірді

21.03.2019

Елбасы – Қазақстан өркениетінің кемеңгер көшбасшысы

20.03.2019

Мәжілісте спорт дәрігерлерінің жетіспеушілігі мәселесі талқыланды

20.03.2019

Тұмар-2019: Астанада үздік телевизия мамандары марапатталды

20.03.2019

Қарағандыда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл пайда болды

20.03.2019

Орал қаласының бас даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

20.03.2019

Элизабет Тұрсынбаева үшінші орында

20.03.2019

Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті

20.03.2019

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

20.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

20.03.2019

Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

20.03.2019

Қазақстан Президенті Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

20.03.2019

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

20.03.2019

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгереді

20.03.2019

Михал Билек: Біздің жігіттер жанкүйерлерге тосын сый жасайды деген үміттемін

20.03.2019

Қарағандыда ғарышта болған долана тұқымы отырғызылады

20.03.2019

Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев аты беріледі

20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

20.03.2019

Н.Назарбаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу