Әлем • 19 Қазан, 2017

Елжан Біртанов ДДҰ-ның Уругвайдағы ғаламдық конференциясында баяндама жасады

257 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Монтевидео қаласында (Уругвай) жұқпалы емес аурулардың алдын алуына және оларды эпидемиологиялық қадағалауға әсер ететін саладағы саясатта келісушілікті арттыру мәселелері бойынша өткен ғаламдық конференциясында баяндама жасады. Елжан Біртанов еуропалық өңірдің спикері ретінде сөз сөйледі.  

Елжан Біртанов ДДҰ-ның Уругвайдағы ғаламдық конференциясында баяндама жасады

Ол өз сөзінде жүйені реформалау және тиімділіктің басты көрсеткіштеріне жетуді қамтамасыз ететін жоспарлау мен мониторингтің маңызды құралы болып табылатын «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы туралы айтты.

Елжан Біртанов Қазақстан бүкіл әлемде жұқпалы емес аурулардың алдын алу және олармен күресу үшін күш салынып жатқанын, сондай-ақ оларға қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылыми дәлелденген стратегияларға негізделген ішкі саясатты жүргізу арқылы қосылатынын атап өтті.

Ол ұлттық денсаулық сақтау қызметін нығайту 2016 – 2019 жылға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі екенін мәлімдеді. Бүгінгі күні Үкімет ДДҰ-мен белгіленген қоғамдық денсаулық сақтаудың он негізгі функцияларына негізделген Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің ұлттық моделін қолдағанын жеткізді.

Сонымен қатар, Интернеттің арқасында, бүгін адамдар өз денсаулығы жөнінде хабардар және сау болуды үйрене алады. Адамдардың сау болуына көмектесу үшін біз барлық заманауи және инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануымыз керек.

«Біз ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамдардың денсаулықтары туралы білімін арттырады деп есептейміз. Технологиялар, сондай-ақ, медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заманауи телекоммуникациялық технологияларды пайдалану аурулардың профилактикасын және емдеуді жетілдіру үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Дәрігерге кіру шапшаң виртуалды кіру арқылы кеңейеді. Пациенттер мен дәрігерлердің қарым-қатынастары тек қана терапевтке кіру ғана емес, науқастың ауруымен күресуге қатысатын барлық команда мүшелеріне кіру арқылы жеңілдетіледі», — деді Елжан Біртанов.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басқа да мақсаты қызметтер көрсетудің жұқпалы емес аурулары бойынша кешенді көзқарасына бағытталған. Барлық қызметтер деңгейі мен қиындығына қарамастан, науқастың айналасында ықпалдастырылуы тиіс. Қазақстанда біз онкология, психикалық денсаулық және туберкулез сияқты бұрын бөлек басқарылатын кейбір мамандандырылған қызметтерді медициналық санитариялық алғашқы көмекпен біріктіріп жатырмыз. Көмек көрсетудің негізгі кешенді тәсілі, пациентке және көпсалалы командалық емге интерактивті қызмет көрсетуге бағдарланған», — деді министр.

Сөзінің соңында ол әріптестерінің ДДҰ-ның және ЮНИСЕФ-тің қатысуымен 2018 жылғы қазан айында Алматы қаласында өтетін медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған конференцияның  жұмысына қатысу үшін шақырды. Соған байланысты конференцияның негізгі тақырыбы МСАК және ақпараттық технологияларға қатысты сұрақтар болмақ.

«Біздің ойымызша, алғашқы көмек — бұл денсаулық сақтаудың «жүрегі пен есігі» және адамдардың мінез-құлқына және аурулармен күреске әсер ететін шешуші фактор», — деп түйіндеді өз сөзін Елжан Біртанов.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылғы мамырда Женева қаласында өткен 70-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында, Елжан Біртанов 1978 жылғы тарихи Алматы Декларациясы бойынша ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жаңарту бойынша бастамасын көтерді. Сонымен қатар, Будапеште өткен Еуропалық өңірлік комитеттің 67-сессиясы аясында ДДҰ-ның бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстан делегациясымен кездесу барысында өткен жылдардағы қазіргі заманғы сын-қатерлер мен өзгерістерді ескере отырып, осы декларацияның жаңартылған нұсқасын талқылауға қолдау білдірді. Сондай-ақ, ДДҰ-ның басшысы ДДҰ Еуропалық бюросының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің және МСАК бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды. Жаңартылған Декларацияны 2019 жылғы мамыр айында 72 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында қарауға енгізу жоспарланған.

Анықтама:

ДДҰ жұқпалы емес аурулар бойынша Монтевидеодағы (Уругвай) конференцияда мемлекет және үкімет басшылары, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы, сыртқы істер, мемлекеттік жоспарлау және сауда министрлері, мемлекеттік саясатты әзірлеушілер, сондай-ақ, сарапшылар мен халықаралық деңгейдегі белсенділер қатысуда.