Кәсіпқой бокс • 20 Қазан, 2017

Боксшы Бекман Сойлыбаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Monte Carlo Resort and Casino (Лас-Вегас, АҚШ) аренасында өткен бокс кешінде қазақстандық Бекман Сойлыбаев (11-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Боксшы Бекман Сойлыбаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті

Ол 29 жастағы мексикалық  Фернандо Варгаспен (32-12-3, 21KO) күш сынасты. Қос боксшы WBC International белбеуін сарапқа салды. 10 раундқа созылған айқаста отандасымыз төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокста 12-жеңісіне қол жеткізді. Ал Варгас 13 кездесуінде қарсыласына есе жіберді.