Путин Назарбаевқа Сирия келіссөздеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді

Ресей Президенті Владимир Путин Сириядағы ахуалды реттеу үшін келіссөздер алаңын ұсынған Қазақстанға және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егемен Қазақстан
20.10.2017 2541

Сочиде өткен «Валдай» халықаралық дискуссиялық клубының отырысы барысында Қазақстанның Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы Ерлан Қарин РФ басшысы Владимир Путиннен Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астана процесінің аралық нәтижелері жөнінде сұрады.

«Сізбен өткен жылғы кездесуіміз Сириядағы ахуал, Алеппо айналасындағы жағдайға қатысты өтті. Осы жылдың басында Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астана процесі іске қосылды. Алғаш рет Қазақстан елордасы - Астанада қарсы күресуші әртүрлі тараптардың, сондай-ақ аталмыш процестің кепілгер елдері - Ресей, Түркия және Иранның өкілдері келіссөздер үстеліне отырды. Келіссөздердің бірнеше раунды өтті, құжаттар қабылданды. Астана процесінің аралық нәтижелеріне қандай баға берер едіңіз? Және тағы бір мәселе, қазір Таяу Шығыстағы дағдарыс жаңа реңк алып отырғанын көріп отырмыз. Мен өзіңіз атап өткен Солтүстік Ирактағы күрдтердің референдумы, Керкуктегі әскери операция және жалпы Сириядағы әскери ахуалдың өзгеруі турасында айтып отырмын. Сирия дағдарысын реттеу келешегі қандай және Таяу Шығыстағы жалпы ахуалды қалай бағалайсыз?» - деді Ерлан Қарин.

«Сириялық реттеу және Астана процесіне қатысты айтар болсам, ең алдымен, Қазақстанға және Президент Назарбаевқа бізге және осы процестің өзге қатысушыларына Астана алаңын ұсынғаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстан жай ғана бас қосатын жер емес. Ол - өте қолайлы алаң. Мен мұнда Қазақстанның бейтарап позициясын, Қазақстанның бұл аймақтың қандай да бір ішкі шиеленістеріне ешқашан араласпағанын, керісінше, беделді бітімгер болып есептелетінін айтып отырмын. Айта кетейін, Президент Назарбаев барлық шиеленісуші және бітімге келуші тараптарды келіссөздер үстелінің басында ұстап қалу үшін белгілі бір жауапкершілікті өз мойнына алған кездер де болған. Сол үшін алғысымыз шексіз. Астана процесінің бет алысы оң, әрине, проблемалар да жоқ емес. Бірақ жалпы - позитивті», - деп жауап қайырды Владимир Путин.

Сондай-ақ Ресей басшысы Сирия бойынша ең маңызды мәселеге - қантөгісті тоқтатуға қол жеткізу мүмкін болғанын атап өтті.

«Түркия, Иран және Сирия үкіметінің ұстанымының арқасында өзекті мәселелер бойынша позицияларды жақындастыруға мүмкін болды, бұл - қантөгісті тоқтату. Сондай-ақ деэскалация аймақтарын құру, бұл - Сирия бойынша соңғы екі жылдағы жұмыстардың, соның ішінде Астана процесінің басты жетістігі. Айта кетейін, Астанадағы келіссөздерге қатыспайтын, бірақ қашықтан қатысып отырған және болып жатқан процестерге ықпал ететін өзге елдер де, соның ішінде АҚШ айтарлықтай үлестерін қосуда. Біз америкалық әріптестермен бұл мәселе бойынша өзара қарым-қатынастамыз. Олар тұрақты, бірақ оңай емес, пікірталастар да болып тұрады. Дегенмен, бұл ықпалдастықтың негативтен бұрын, позитивті тұстары көп. Осы уақытқа дейін біз көп мәселе бойынша бір мәмілеге қол жеткізіп келдік, соның ішінде Израиль мен Иордания мемлекеттерінің мүдделері бар деэскалацияның оңтүстік аймағы бойынша. Әрине, бұл процеске Сауд Арабиясы, Мысыр, Иордания, Қатар және шағын, бірақ маңызы жоғары көптеген өзге елдердің оң ықпалы тиіп отыр», - деді ол.

Аталмыш мәселе бойынша перспективаларға тоқталған В.Путин, жақын уақытта бұл аймақта лаңкестердің көзі жойылатынын айтты. Сонымен қатар, деэскалация аймақтарын құрудан кейін келесі кезеңге өту көзделіп отырғанын жеткізді.

«Барлық этникалық және діни топтар, үкімет пен оппозиция қатысу үшін Сирия халқының конгресін құру идеясы бар. Бұл саяси реттеудің келесі маңызды  қадамы болар еді», - деп түйді РФ Президенті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.07.2018

Гинеколог-акушер жас ананың өліміне қатысты пікір білдірді (видео)

17.07.2018

Елбасы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

17.07.2018

Каспий маңы елдерінің басшылары Ақтауда кездеседі

17.07.2018

Еліміздің үш қаласынан Баянауылға әуе рейстері ашылады

17.07.2018

Биыл Қазақстан перзентханаларында 31 ана қайтыс болды

17.07.2018

Алматыда Оңтүстік Кореямен бірлескен амбулаторлық клиника ашылды

17.07.2018

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17.07.2018

Арқайым – аңыздар андыздаған алқап

17.07.2018

Инновациялық жобалар мен тың идеяларға байқау жарияланды

17.07.2018

Ақпарат және коммуникациялар министрі Smart city жобасын жүзеге асыру бойынша есеп берді

17.07.2018

Елбасы «Павлодар мұнай химиясы зауытына» барды

17.07.2018

«Президент кубогы» басталды

17.07.2018

Қазақмыс биылғы алты айда 14 млн 507 мың тонна кен өндірді

17.07.2018

«Qazaqstan» мен «Qazsport» футболдан әлем чемпионатының көрсетілімін қорытындылады

17.07.2018

Жаңаөзенде «Астанаммен мақтанам!» атты дөңгелек үстел өтті

17.07.2018

Биыл Алматыда заңсыз 77 нысан анықталды

17.07.2018

Мемлекеттік хатшы «Айбын» әскери-патриоттық жиынының ашылуына қатысты

17.07.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Казэнергокабель» акционерлік қоғамына барды

17.07.2018

Мемлекет басшысы «GiessenHaus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

17.07.2018

Қазақстан Президенті Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Жалғыздық жыры

Жақында жастық шағында жарқылдап дәурен сүрген, марқұм ағамызбен бақытты ғұмыр кешкен, қазір сексеннің сеңгірін саялаған бір жақсы апамыздың көңілін сұрап, халін білгенбіз. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу