Аймақтар • 21 Қазан, 2017

Қазақ романсиадасына 20 жыл

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қазақ романсиадасы байқауына биыл 20 жыл толып отыр. 

Қазақ романсиадасына 20 жыл

Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков байқау қонақтары мен қазылар алқасы мүшелерімен кездесіп мерекемен құттықтады.

Облыс әкімінің орынбасары байқаудың мерейтойына орай қазылар алқасының тұрақты төрайымы Галина Преображенскаяға «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалін салтанатты түрде табыс етті.

- Өнер қашанда өзінің құдіреті мен киелілігімен ерекшеленеді. Ұлы өнерді жандандырып келе жатқан романс орындаушыларының ашық байқауын өткізу сонау 1997 жылы қолға алынған болатын. Осы жылдар арасында талай таланттардың томағасын сыпырған байқау 2003 жылдан бастап халықаралық конкурс мәртебесіне ие болды. Осының өзі байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, елдің ерекше ықыласына бөленіп келе жатқанын айқындайды,- деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Кездесу барысында сөз алған қонақтар қазақ рамансиадасының тарихынан сыр шертіп, өнерге ерекше қолдау білдіріп отырған облыс әкіміне алғыстарын жеткізді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар