Қазақстан • 22 Қазан, 2017

Студенттерге арналған «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандағы жоғары оқу орындарында «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды.

Студенттерге арналған «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды

Бұл туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің менеджері Болат Атыбай ҚазҰТУ университетінде өткен дөңгелек үстел мәжілісінде мәлімдеп арнайы таныстырды.

Оның айтуынша «тәрбие және білім бағдарламасы» үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың біреуі - саналы азамат. «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленді. Осы жобадан басқа 21 жоба бекітіліп барлық өңірлерге жолданды. Жобаның мақсаты - еліміз алға қойған міндеттерді жастардың бойына сіңіру.

«Рухани жаңғыру» офисінің Алматы қаласы бойынша бас менджері Лаура Іргебаева «Ұлы дала жастары» жобасы идеясын Білім және ғылым министрлігі ұсынып отырғанын айтты.

«Негізі бастамашы - ҚР Білім және ғылым министрлігі. Жоба басталды. Бұның жастардың белсенділігін арттыруға, яғни, ғылым, бизнеспен айналысуына жағдай жасау. Оқу орнын бітірген жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі қаншалықты? Осы мәселенің барлығы қамтылатын болады», - деді ол.

Жиында ЖОО ұстаздарына жоба бойынша өз оқу орындарына ыңғайлы болатын ұсыныс жасап, жұмыс бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.