Әлем • 22 Қазан, 2017

Словенияда президент сайлауы өтіп жатыр

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Словенияда президент сайлауы жүріліп жатыр.

Словенияда президент сайлауы өтіп жатыр

Сарапшылар осы сайлаудағы басты үміткер - қазіргі мемлекет басшысы Борут Пахордың жеңіске жетеді, - деп есептейді.

Оның басты бәсекелесі - бұрынғы комик актер, қазіргі Камник қаласының мэрі, «Марьян Шарец тізімі» партиясының мүддесін қорғап отырған Марьян Шарец болса, одан кейінгі танымал тұлға Еуропарламент мүшесі, Словения демократияллық партиясынан шыққан Романа Томц.

Мемлекеттік сайлау комиссиясының хабарына қарағанда, 1,7 млн азамат сайлауға қатысады. Президент сайлауына арналған 3 мыңнан астам сайлау учаскесі бүгін жергілікті уақытпен 19:00-ге дейін ашық болады.