Әлем • 23 Қазан, 2017

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тапты, жетеуі іздестірілуде

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Альпинистер қар көшкінінен кейін жоғалып кеткен, деп хабарлайды Моңғолияның МОНЦАМЭ агенттігі.

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тапты, жетеуі іздестірілуде

Моңғолияның орталық бөлігінде Хангай тау сілемінің аумағында қар көшкіні жүрді. Соның салдарынан 10 альпинист қаза болып, тағы жетеуі із-түссіз жоғалып кетті.

Қазір Отгонтэнгэр тауында вице-премьер Улзийсайхан Энхтувшиннің жетекшілігімен іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Билік 100 құтқарушы, екі тікұшақ және басқа да техниканы жұмылдырған.

Отгонтэнгэр – Хангай сілемінің ең биік тауы. Оның биіктігі 4 мың метр. Моңғол үкіметінің қорғауындағы қасиетті мекен саналады.