Футбол • 24 Қазан, 2017

Криштиану Роналду 2017 жылдың үздік ойыншысы атанды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жылдың үздіктерін анықтады.

Криштиану Роналду 2017 жылдың үздік ойыншысы атанды

Португалия ұлттық құрамасы мен «Реал» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды. Бұл атаққа ол осымен екінші жыл қатарынан қол жеткізіп отыр.

Үздік ойыншылардың үштігін Кафу, Энцо Франческоли, Диего Марадона, Карлес Пуйоль, Карлос Вальдеррама және Эдвин ван дер Сар секілді футбол жұлдыздарынан құралған арнайы комиссия құрды. Олар бұл үштікке португалиялық ойыншыдан бөлек Лионель Мессиді және Неймарды енгізген болатын.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Роналду Роналду: 43.16%, Месси: 19.25%, Неймар: 6.97% дауысқа ие болды.

Бұдан бөлек ФИФА мына аталымдар бойынша жылдың үздіктерін анықтады:

Үздік жаттықтырушы: Зинедин Зидан («Реал»)

Үздік қақпашы: Джанлуиджи Буффон («Ювентус»)

Үздік әйел футболшы: Лике Мартенс («Русенгорд»/«Барселона»)

Үздік әйел жаттықтырушы: Сарина Вигманн (Нидерланд ұлттық құрамасы)

«Фэйр-плей» сыйлығы: Франсис Коне

Ференц Пушкаш сыйлығы (жылдың үздік голы): Оливье Жиру («Арсенал»)

Үздік жанкүйерлер: «Селтик»

Жылдың үздік құрамы: Қақпашы: Джанлуиджи Буффон («Ювентус»); Қорғаушылар: Дани Алвес («Ювентус»/«Пари Сен-Жермен»), Марсело («Реал»), Серхио Рамос («Реал»), Леонардо Бонуччи («Ювентус»/«Милан»); Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич («Реал»), Тони Кроос («Реал»), Андрес Иниеста («Барселона»); Шабуылшылар: Лионель Месси («Барселона»), Неймар («Барселона»/«Пари Сен-Жермен»), Криштиану Роналду («Реал»).

ФИФА осымен екінші жыл қатарынан France Football-дан («Алтын доп») бөлек үздіктерді анықтап келеді.  Дауыс беруге ұлттық құрамалардың капитандары мен бапкерлері, журналистер, сондай-ақ жанкүйерлер қатысты.