Білім • 24 Қазан, 2017

Бейбіт Қой­шыбаевтың екі кітабы жарыққа шықты

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Рух БГ» бас­пасынан жазушы Бейбіт Қой­шыбаевтың «Тауарих-тамшылар» және «Тұлғалар түзген тауарих» атты екі кітабы жарыққа шықты.

Бейбіт Қой­шыбаевтың екі кітабы жарыққа шықты

«Тауарих-тамшылар» жина­ғынан оқырман қазақ хал­қының қалыптасу және этностық атауымен мемлекеттігін құру тарихы, бір орталықтандырылған күшті хандық жасақтауға тал­пынған әрекеті, сондай-ақ отар­лану кезеңдері, патшалық тұсын­дағы азаттық аңсаған көтері­лістер, кеңестік дәуірдегі ұлттық-мемлекеттік межелеу шын­дықтары, тоталитарлық кезең­нің қылмысы және алаштық идеяның өміршеңдігі  жайында автордың әр жылдары жазып, мерзімдік баспасөз беттерінде жариялаған зерттеу мақалалары  мен сұхбаттарымен таныса алады.

«Тұлғалар түзген тауарих» жинағындағы  қазақ тарихында елеулі орны бар Мақаш әкім, Балуан Шолақ, ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан Шәйке мол­да, ұлт көсемі Әлихан Бөкей­хан, кеңес заманындағы мемлекет, ғылым, өнер қайрат­кер­лері Жұмабек Тәшенов, Рама­зан Сүлейменов, Сауық Тәке­жа­нов, Ахмет Жұбанов секілді белгі­лі тұлғалар, Байсейіт және Дін­мұ­хамед Әділовтер, Хансұлтан Сүйінішәлин тәрізді саяси реп­рессия құрбандары, сондай-ақ тоталитаризм дәуірінде орын алған саяси қуғын-сүргін таби­ғаты, басталғанына биыл 80 жыл толған Үлкен террор, оның қасі­ретті салдарлары туралы зерттеу мақалалар еліміздің күрделі шежіресінің маңызды беттерін құрайды. 

Ұзақ жылдарға созылған отар­­­лық заманнан соң қазақтың елді­гін тұңғыш жаңғыртқан Алашорданың 100 жылдығына орай жарық көріп отырған бұл кітаптар зерттеушілерге, та­рих­­шы­ларға, студенттер мен оқушыларға, барлық Отан тарихымен әуестенетіндерге, көпшілік қауымға арналып отыр.

«Егемен-ақпарат»