Қазақстан • 24 Қазан, 2017

«Астана» командасының футболшылары жастарға шеберлік сабағын өткізді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше «Астана Арена» стадионында «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» бағдарламасының аясында «Астана» ФК негізгі құрамның футболшылары жастарға арналған шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлады Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы.

«Астана» командасының футболшылары жастарға шеберлік сабағын өткізді

Шеберлік сабағы барысында футболшылар балалармен әңгімелесіп,  құқықбұзушылыққа бармауды және салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануға шақырды.

«Сіздер дұрыс таңдау жасадыңыздар. Сопортпен шұғылданған дұрыс, тек футболмен емес, әр біреуіңіз өздеріңізге ұнайтын спорт түрлерін таңдарсыздар. Тек сіздерге айтарым, әр қайсыңыз мақсаттарыңызға жетуге тырысыңыздар және естеріңізде сақтаңыздар әлемдегі ең жақсы қасиет -адалдық пен шындық», деп тілек білдірді «Астана» ФК-ның футболшысы Евгений Постников.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Астана қаласының прокуратурасы мен дене тәрбиесі және спорт басқармасы.