Әлем • 24 Қазан, 2017

СІМ: Қырғызстан 100 млн доллар көмектен бас тартқанын хабарлады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанға 100 миллион долларын бөлу туралы Қазақстанмен келісімнің күшін жою рәсімдері басталғанына қатысты ҚР СІМ түсіндірме берді.

СІМ: Қырғызстан 100 млн доллар көмектен бас тартқанын хабарлады

23 қазанда Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 26 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің және оның тиісті хаттамаларының күштерін жою рәсімдерін бастағаны жөнінде Қазақстан тарапына ресми хабарлады.

Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу шеңберінде Қазақстан тарапы Қырғыз үкіметіне өздері алған міндеттемелерді орындауға қажетті техникалық жәрдемді көрсетуге үнемі дайын болды. Қол қойылған құжаттар уақытылы ратификациядан өтті және бұл жәрдемнің бірінші траншын ағымдағы жылғы қараша айында жіберу жоспарланған еді.

Аталған қаражатты бұдан ерте мерзімде бөлуге болар еді, алайда қырғыз тарапының қажетті құжаттар мен тиісті сметаларды ұсыну үдерісі созылып кеткенін атап өткен жөн.