Президент • 25 Қазан, 2017

Назарбаев Си Цзиньпинді ҚКП орталық комитетінің бас хатшылығына қайта сайлануымен құттықтады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы болып қайта сайлануына орай құттықтап, жедел хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Назарбаев Си Цзиньпинді ҚКП орталық комитетінің бас хатшылығына қайта сайлануымен құттықтады

«Қытай коммунистік партиясы сіздің жетекшілігіңізбен елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық қамту және халықтың әлеуетін арттыру бойынша айтарлықтай биікке жетті. 

Қытайдың әлеуметтік-экономикалық күші мен халықаралық абыройын арттыру жолындағы толассыз жасампаз еңбегіңіздің табысты болуын тілеймін.

Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тараптағы стратегиялық қарым-қатынастар қарқынды дами беретіндігін сенім білдіремін, сонымен бірге екі елдің достығы нығая бермек, - делінген құттықтау жедел хатында.

Қазақстан Президенті құттықтау соңында Си Цзиньпинге денсаулық пен игілік және ынтымақты жарастықтағы Қытай елінің гүлдене беруін тіледі.