Қазақстан • 30 Қазан, 2017

Үкімет басшысына Қиғаш өзені мәселесі бойынша депутаттық сауал жолданды

881 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құрманғазы ауданына қарас­ты елді мекендердің басым көп­шілігі Еділ өзенінің саға­ларында қоныс­танған. Осыған байланысты ауданда балық аулау және өңдеу ертеден дамыған.

Үкімет басшысына Қиғаш өзені мәселесі бойынша депутаттық сауал жолданды

Соның ішінде транс­шекаралық Қиғаш өзенінің бо­йында орналасқан ауыл тұрғын­дарының негізгі кәсіптері балық­шылық. Осы ауыл­дардағы 10 мыңнан астам адам­ның күн көрісі балық шаруа­шылығымен байланысты.

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары аудан көлеміндегі Қиғаш және Шора өзендерінің арна­сын құмнан тазарту, тереңдету жұ­мыстары жүргізілген. Осындай жұ­мыстардың нәтижесін­де балық аулау көлемі артып, балық­шылардың тұр­мыстары жақ­сарған еді. Қазір осы аталған және олардан шығатын басқа да өзен­дер арналары тайызданған. Осы­ның себебінен теңізден кіре­тін балық жолдары жабылып, өзен­дердегі балық түрлері азайып және аулау көлемі кеміп кеткен. Сон­дықтан өзен­дердің арналарын таза­лап, терең­дету өте маңызды. Бұл өз кезегінде аудандағы ба­лық шаруашылығында жүрген кәсіп­керлік субъектілерінің табыстарына оң әсерін тигізеді. Осы шара салаға инвестициялар тартып, өнімдерді өңдеу ісінің алға дамуына да мол мүмкіндік берер еді және бір­неше ұрпақ бойы нәпақасын ба­лық арқылы айырып келе жат­қан балықшылар тұрмысын да жақсартуға да септігін тигізері сөзсіз. 

Атырау облыстық әкімшілігі аудандағы балық шаруашылы­ғын да­мыту мүмкіндіктерін қарас­­ты­рып, шаралар белгілеуде. Қи­ғаш өзені суының көлемін арттыру және гидрологиялық жайын жақ­сар­ту мақсатында инвестиция­л­ық жоба дайындалған. Оның жалпы құны 5,6 млрд теңге. Жоба 2017 жылғы 31 тамызда мемлекеттік сарап­тамадан өткен, конкурстық про­цедуралар да аяқталу үстінде. Осы маңызды жобаны іске асыру үшін республикалық бюджет­тен 2018 жылға 3 млрд теңге көле­мін­де қаржы бөлінуі қарасты­рыл­ған. Жобаның уақытында және сапалы орындалуы толық қаржыландыруға тікелей байланысты. Әйтпесе бастал­ған жоба іске аспай жарты жолда қалдырылуы да мүмкін. Он­дай дүниелер де біздің еліміздің кейбір жерлерінде ұшырасып қалады. 

Сондықтан біз Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа депу­таттық сауал жолдап, Қиғаш өзе­нін тереңдету жұмыстарына қажет қаржыны толық көлем­де бөліп, оны уақтылы қаржыландыруға бай­ланысты шаралар белгілеуді ұсындық. Бұл сауалды бірнеше әріптестерім де қолдап, өздерінің қолдарын қойды. 

 

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,
Сенат депутаты

Соңғы жаңалықтар